Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің түлектері, «Алтын белгіге» үміткерлер арасында 2021 жылдың 7 сәуірінде жыл сайынғы «АҚЫЛДЫ AWARDS 2021» сыйлығының қорытындысы шығарылды.
Аймақтық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы шеңберінде «Білімді маман» және облыстың дарынды оқушыларына қолдау көрсету аясында жыл сайынғы «АҚЫЛДЫ AWARDS 2021» сыйлығын Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университеті Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен бірлесіп өткізді.
Жүлденің басты сыйлығы – бұл әр номинаия бойынша бакалавриатта оқудың бүкіл мерзіміне арналған университеттің білім гранты.
Сыйлыққа қатысу үшін қатысушылар ұсынылған номинациялардың бірі бойынша өз презентациялары мен бейнематериалдарын ұсынды: «Бизнес-Табыс», «ФИЗМАТ шыңды бағындырушы», «Біз болашақ қаласын құрамыз», «Жасыл энергия», Қазіргі және болашақтағы цифрлық технологиялар», «Жерді қорғаушы».
Осы жылы барлық қатысушылардың ішінен Риддер, Өскемен қалаларынан, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан, Зайсан, Алтай, Катонқарағай аудандарынан 21 үміткер таңдалды.
Бейнероликтерді құзыретті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына университет ғалымдары, smm мамандары, бейнеоператорлар кірді. Соңғы кезең - халықтық дауыс беру болды. Барлық кезеңдердің қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталды:
- Қанатова Аружан - Ұлан ауданы, Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушысы;
- Қабидешов Бекзат - Риддер қаласы, көпсалалы «Шаңырақ» мектеп-гимназиясының оқушысы;
- Зарылканов Азамат - Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушысы;
- Бауыржанқызы Айшаби - Өскемен қаласы, О.Бөкей атындағы №44 лицейінің оқушысы;
- Толеубекова Ляйла - Глубокое ауданы, №1 Белоусовка орта мектебінің оқушысы;
- Оралбаева Сабина - Өскемен қаласы, №15 орта мектебінің оқушысы.
Жыл сайынғы «АҚЫЛДЫ AWARDS 2021» сыйлығын табыстау салтанаты онлайн режимінде өтті. Салтанатты марапаттауда қатысушыларға экономика ғылымдарының кандидаты, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың академиялық қызмет жөніндегі проректоры Ж.Т. Конурбаева, физика-математика ғылымдарының кандидаты,ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор Н.Ф. Денисова, техника ғылымдарының кандидаты, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Г.Б. Рахимжанова сөз сөйледі. Жеңімпаздарға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың білім грантына сертификаттар табысталды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, келешекте табыс тілейміз!