+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада өткізу ережесі
09 Сәу, 15:11

1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы облыстық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.

1.2. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.

1.3. Олимпиаданың міндеттері:

- Оқушылардың химия және биология пәндеріне деген қызығушылықтарын ынталандыру;

- шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-практикалық іс-әрекетке деген қызығушылықтарын анықтау және дамыту;

- ең талантты және дарынды оқушылады іріктеу, олимпиадалық резервті құру;

- дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар жасау, ғылыми білімді насихаттау және дамыту.

Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

 

2. Олимпиаданың жұмыстық органдары

2.1. Олимпиаданы өткізу үшін шараны үйлестіруді, ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

2.2..Ұйымдастыру комитеті өзінің құзыреттілігінің шегінде:

  • Олимпиаданың өту мерзімін, тәртібін, өтетін орнын үйлестіреді;
  • қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
  • тапсырмаларды бағалау критерийлері мен материалдарды әзірлейді;
  • жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітеді;
  • Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды.

 

3. Олимпиада қатысушылары

3.1. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары қатысады.

3.2..Әр аудан/қаладан командалардың сандық құрамы 6 адам: 9 сынып –

2 оқушы, 10 сынып – 2 оқушы, 11 сынып – 2 оқушы (1-қосымша).

4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1..Олимпиада өткізіледі:

1) бірінші – іріктеу кезеңі – 2021 жылғы 15 сәуір.

2) екінші – облыстық – ағымдағы жылдың 22 сәуірі.

4.2. Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 айналымда өтеді (теориялық, практикалық).

4.3. Менделеевтің периодтық кестесін, ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етіледі. Есептеулерді орындау үшін бағдарламаланбайтын калькуляторды пайдалануға болады.

4.4. Олимпиада барысында жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, мобильді байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.

4.5. Ережені бұзған жағдайда қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

4.6. Олимпиадаға тіркеу және қабылдау білім беру ұйымы басшысының қолы мен бекітілген аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім бойынша      (2 қосымша) жүзеге асырылады. Өтінім ағымдағы оқу жылының 19 сәуіріне дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.

4.7..Жіберілген өтінімдегі деректердің дұрыстығына білім бөлімдері жауапты.

5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау

5.1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

5.2. Олимпиададағы жеңімпаздар саны қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.

5.3..Олимпиада жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. I, II және III дәрежелі дипломдардың саны мынадай пропорция негізінде айқындалады: жеңімпаздар санының 50% – ы III дәрежелі дипломдармен, 30% – ы II дәрежелі дипломдармен, 20% - ы әрбір пән мен сынып бойынша  I дәрежелі дипломдармен марапатталады.

5.4..Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

6. Қаржыландыру

6.1. Олимпиаданы қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылықпен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен жүзеге асырады.

1 қосымша

 

Пән

9 сынып

10 сынып

11 сынып

Барлығы

Химия

1

1

1

3

Биология

1

1

1

3

 

 

      2 қосымша

 

Қатысушының аты-жөні

Аудан/қала

Мектеп

Сынып

Оқу тілі

Пәні

Қатысушының

байланыс телефоны

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

Қатысушының әлеуметтік статусы