+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
СЕМЕЙ АТОМ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
09 Сәу, 14:55

ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 14-15 сәуірде Семей атом полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізіледі.

Форумның мақсаты– оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары – мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Қатысушылардың жасы: 14-17 жас. Қатысушылар саны: 171 адам.

Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Туған өлке тарихы» - 3 D форматындағы виртуалды саяхат;

- «Жасыл экономика» - зерттеу жобаларының байқауы;

- «Денсаулық және қоршаған орта» - жобалар байқауы;

- «Экоболашақ» - атқарылған экологиялық жұмыс туралы бейнероликтің презентациясы;

- «Жасыл оазистер» - экодизайнерлер байқауы;

- «Жеңіс мамыры» - панно немесе коллаж байқауы.

Форум жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификат алады.

Номинациялар бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар 2021 жылғы
9-10 маусымда өтетін Республикалық форумға қатысады.

Форумды өткізу туралы ереже мына сілтеме бойынша: https://www.shygysdaryn.kz .

Қосымша ақпарат: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, тел.: 8/7232/75-15-53.