+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтық кезеңін өткізу туралы АНОНС
08 Сәу, 17:05

2021 жылдың 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтық кезеңін өткізеді.

Көрме-байқаудың мақсаты - білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Көрме-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 11-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

Көрме-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);

3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;

4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше.

Фестивальдің жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары көрме-байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын орталығы, немесе 8 (7232) 75-26-91 телефоны.