+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Халықаралық «Сибирь зажигает звезды» атты фестиваль қорытындысы
25 Мамыр, 03:30

2012 жылдың 3-6 мамыр аралығында, Новосибирск қаласында «Сибирь зажигает звезды» атты балалардың және жасөспірімдердің ІІІ халықаралық байқау-фестивалі өтті (финал).cut

Байқауды «Планета Талантов» атты балалар шығармашылығын қолдау және дамыту Қоры ұйымдастырды. Байқау-фестивалінің негізгі мақсаты мен тапсырмалары: қатысушылардың шығармашылық жетістіктері және тәжірибелерімен алмасу, жас таланттардың шығармашылық танымалдығы, жастар шығармашылығы арқылы халықаралық байланыс пен серіктестікті нығайту, әртүрлі ұлттық мәдениеттің бірігуін насихаттау, жеткіншектердің шығармашылық қарымын қалыптастыру, РФ аймағының және жақын, алыс шет елдердің балалары мен жастарының әртүрлі ұлтаралық және этникалық төзімділік қатынасын нығайту болды. Байқауға 3000 астам балалар қатысты, оның арасында ШҚО әкімдігі Білім басқармасының «Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің» оқушылары да болды. Қазылар алқасының негізгі құрамына Мәскеу мен Санкт-Петербургтың ЖОО-ның Академиктері, Профессорлары, мәдениет саласындағы еңбек сіңірген қызметкерлер мен жүргізуші сарапшылар кірді. Балалар өз номинациясы бойынша, педагогтарының кәсіптілігін дәлелдей келе, жүлделі орындарға ие болды.

Сексенов Әділет (фортепиано, 9 маманд. сынып) 2 дәрежелі диплом, оқытушысы Косачева Е.С.

Омаров Данияр (труба, 8 маманд. сынып) 3 дәрежелі диплом, оқытушысы Трубачев А.И., сүйемелдеушісі Кудрявцев В.Н.