+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер интеллектуалдық конкурсын өткізу ЕРЕЖЕСІ
07 Сәу, 15:40
  1. Жалпы ережелер

1.1.Осы Ереже «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Конкурстың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) болып табылады.

1.3. Конкурстың негізгі мақсаты балаларды шын мәнінде ғылымды, білімді танып білуге қызығушылығын тудыратын зияткерлік сайыстарға қатыстыруға, өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске ынталандыру болып табылады.

1.4. Конкурстың негізгі міндеттері:

- дарынды балаларды анықтау және қолдау;

- оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру;

- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

- балалардың қауіп-қатерге бас тіге білуге, жеңе білуге, жеңіске жете білуге деген өз мүмкіндіктері жөніндегі ұғымын қалыптастыру.

Конкурс өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

 

2. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

 

2.1. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру мен жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- іс-шаралардың түрлерін, олардың өткізу формаларын анықтайды;

- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды.

 

3. Конкурс қатысушылары

3.1. Конкурсқа ШҚО облысы жалпы білім беретін мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары қатыса алады. Әр ауданнан, қаладан команда құрамы – 3 қатысушы.

3.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

 

4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Конкурс 2021 жылдың 15 ақпаны күні онлайн режимде Eхam.net платформасында өтеді.

4.2. Конкурсқа қатысу үшін білім бөлімі басшыларымен бекітілген өтінімді ағымдағы жылдың 12 сәуіріне дейін келесі мекен-жайға:Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО 8 (7232) 700-244 телефоны, е-mail: vk_daryn@mail.ru жіберу қажет.

4.3. Конкурс тестілеу түрінде математика, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерінен өткізіледі.

4.4. Әр қатысушы өзі таңдап алған бір пән бойынша тапсырманы орындайды.

 

5. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Конкурс қорытындысы бойынша жеке және жалпыкомандалық нәтиже шығарылады. Конкурс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Жалпыкомандалық орындар жеке қатысушылар жинаған ұпай сандары бойынша анықталады.

 

6. Қаржыландыру

6.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО жүзеге асырады.