2021 жылғы 1-2 сәуірде онлайн форматта тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық жарыстары өтті.
Жарыстың мақсаты – ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.
Жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 5-11 сыныптардың 122 бозбала мен қыздары қатысты.
Команда құрамы: 2 ұл, 2 қыз.
Жарыс қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Күршім ауданы«№ 1 Марқакөл орта мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Экономикалық лицей» КММ командасы, Семей қаласы; «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ командасы, Тарбағатай ауданы;
3 орын– «Тасарық негізгі мектебі» КММ командасы, Үржар ауданы.
7-8 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ командасы, Өскемен қаласы;
3 орын– «№ 1 Марқакөл орта мектебі» КММ командасы, Күршім ауданы.
9-11 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Үржар ауданы «Жарбұлақ орта мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ командасы, Өскемен қаласы;
3 орын– Жарма ауданының құрама командасы; «Көкжота орта мектебі» КММ командасы, Көкпекті ауданы.
І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификат алады.
Жеңімпаз командалар республикалық жарыстарға қатысады.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!

