+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02 Сәу, 18:01

2021 жылы 30 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының  облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.

Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің жеңімпаздары қатысты.

Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  1. «Халық биі және халықтық стильденген би»;

2) «Заманауи би».

Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Гран-при: Алтай ауданының «Зыряночка» хореографиялық ұжымы;

I орын – Курчатов қаласының «Фантазия» хореографиялық тобы;

II орын - Күршім ауданының «Жайна» үлгілі халық би ансамблі, Зайсан ауданының «Жауқазын» би тобы;

III орын –Семей қаласының«Балауса» хореографиялық тобы, Бородулиха ауданының «Өрнектер» хореографиялық ұжымы, Катонқарағай ауданының «Балауса» би тобы.

Бас жүлде иегерлері фестиваль-байқаудың республикалық кезеңіне облысымыздың атынан қатысатын болады.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!