2021 жылғы наурызда жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысушылар үшін оқу - жаттығу жиындары онлайн және офлайн режимінде өтті.
Оқушыларды Республикалық олимпиадаға дайындау бойынша жаттықтырушылар мен облыстың жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары Шығыс Қазақстанның оқушыларын 2021 жылғы 13-14 сәуірде өтетін Республикалық олимпиадаға қатысуға даярлауды жүзеге асырды.
Оқу-жаттығу жиындары кезінде балалар дәріс материалдарын оқып, олимпиада тапсырмаларын шешіп, өз білімдерін, дағдылары мен біліктерін бекітті. Көп ұзамай балаларды жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада күтіп тұр.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінде
қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
