2021 жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңін өткізеді.
Фестивальдің мақсаты - үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
Фестиваль аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымшабілім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің оқушылары қатысады.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Деректі (ойынды емес) кино»;
2) «Ойынды кино»;
3) Stop-motion-видео;
4) Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім;
5) Анимациялық кино;
6) Музыкалық клип;
7) Телевизиялық сюжет;
8) Киножурнал;
9) Ең үздік операторлық жұмыс.
Фестивальдің женімпаздары дипломдармен мараппаталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары фестивальдің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын орталығы, немесе 8 (7232) 75-26-91 телефоны.