+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде тоғызқұмалақ бойынша Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
26 Нау, 17:20

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 1-2 сәуірде тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық жарыстары онлайн форматта өткізіледі.

Жарыстың мақсаты – ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.

Жарыс аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 5-11 сыныптардың (5-6 сыныптар, 7-8 сыныптар, 9-11 сыныптар) ұлдары мен қыздары арасында онлайн өткізіледі.

Команда құрамы: 2 ұл, 2 қыз.

Барлығы - 122 қатысушылар.

І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификат алады.

Жеңімпаз командалар республикалық жарыстарға қатысады.

Жарысты өткізу туралы ереже www.shygysdaryn.kzсайтында жарияланған.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе 8 (7232) 75-15-53 телефоны бойынша хабарласуға болады.