+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарын» Виртуалды Академиясының аясындағы «Жас Талап – КZ көшбасшысы» сайысының іштей айналымының қорытындысы
25 Мамыр, 03:26

2012 жылдың 28 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті бірлесіп, «Дарын» Виртуалды Академиясының көлемінде «Жас Талап – КZ көшбасшысы» сайысының іштей айналымын өткізді.cut

Сайыс ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру, оларды әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарға даярлау, облыстың дарынды балаларын анықтап, дамытуға қажетті жағдайлар туғызу, табысқа жету ынтасын қалыптастыру мақсатымен өткізілді.

Сайыс 11 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Оқу жылы ағымында сайыс қатысушылары 2 кезеңнен өтті. Сайыстың 1 кезеңінде (сырттай) оқушылар математика, информатика, физика, химия пәндері бойынша күрделендірілген бақылау жұмыстарын орындады. Әр қатысушының  бір немесе бірнеше пәнді таңдап алуға мүмкіндігі болды. Сайыстың 2 кезеңіне (іштей, университет базасында) 1 кезеңде кемінде 10 ұпай жинаған оқушылар қатысты.

        Сайыс қорытындысы бойынша:

ІІ орынды келесі оқушылар иеленді:

-   математикадан – Ақаев Мәдияр - Өскемен қаласындағы ДБА ШҚ ОММЛИ оқушысы,  Гарифов Ахат - Өскемен қаласындағы Ахмер ОМ оқушысы;  

-   химиядан - Алексеевская Юлия,  Мальцева Алина - Өскемен қаласындағы №11 мектеп-гимназияның оқушылары;

-   физикадан – Мүбәракова Салтанат - Өскемен қаласындағы ДБА ОММЛИ оқушысы;

ІІІ орынды келесі оқушылар иеленді:

-   математикадан – Бердімурат Нуржанат, Жүнісбеков Досжан, Бақытбеков Ержан - Өскемен қаласының ДБА ОММЛИ оқушылары;

-   химиядан – Сабикенова Назгүл -  Зайсан ауданындағы М. Әуезов атындағы ОМ оқушысы;

-   физикадан – Қайырды Ғайния – Ұлан ауданындағы Асубұлақ ОМ оқушысы.  

ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, құнды сыйлықтарға ие болды. Қалған қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар берілді.