+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық қашықтық кезеңін өткізу туралы АНОНС
26 Нау, 17:14

2021 жылы 30 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Ақ шағала» республикалық фестиваль-байқауының облыстық қашықтық кезеңін өткізеді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты - білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.

Фестиваль-байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымшабілім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің оқушылары қатысады.

Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Халық биі және халықтық стильденген би»;

2) «Заманауи би». 

Фестиваль-байқаудың женімпаздары дипломдармен мараппаталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары фестиваль-байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:  Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын орталығы, немесе 8 (7232) 75-26-91 телефоны.