+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирді онлайн-форматта өткізу БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
25 Нау, 17:55

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 29-31 наурыз аралығында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирін онлайн-форматта өткізеді.

Облыстық турнирдің мақсаты - студенттер мен жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделін арттыру және жас буын арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау,  әскери іс негіздері бойынша білім мен дағдыларды бекіту.

Жарыстың әр кезеңі бойынша тапсырмасының орындалуы нақты уақыт бойынша Coogle қосымшасында Coogle Meet режимінде қаралады.

Облыстық турнирда  1-2 курс студенттері мен Алғашқы әскери дайындық және технологиялық даярлықтан өткен, денсаулығы бойынша жарамды облыстық жалпы білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатысады.

Облыстық турнир бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:

1) белтемірге тартылу;

2) толық емес бөлшектегеннен кейін АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру;

3) газтұтқыш кию бойынша нормативті орындау;

4) әскери қорғаныс жинағын кию бойынша нормативті орындау;

5) Берпи. 

Облыстық турнирдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Облыстық турнирдің қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі. Байқауды өткізу туралы ереже www.shygysdaryn.kz. сайтында жарияланған.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе 8 (7232)70-15-16 телефоны бойынша хабарласуға болады.