2021 жылдың 15-19 наурызы аралығында облысымыздың мектеп оқушылары онлайн режимде «Х Наурыз кездесулері» іс-шарасына қатысты.
Биылғы жылы кездесу «Планета және пластик: адамзат экомәдениеті» тақырыбына арналды.
«Наурыз кездесулері» – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқушылардың оқу-зерттеу және ғылыми-техника саласындағы зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шарасы.
Іс-шара аясында «Пластиктің екінші өмірі» атты эко-челлендж ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің бейнероликтерін Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне жүктеді, еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарының ғалымдарымен вебинарлар, шеберлік сыныптары мен тренингтер, ғылыми жобалар презентациясы, бейне турлар, онлайн экскурсиялар мен көрмелер ұйымдастырылды.
«Осы кездесуде өзіме көптеген ақпараттар мен тәжірибе алдым. Қазіргі таңдағы өзекті мәселе ол пластик қалдықтарының зияны болып отыр. Бірақ біз оларға жаңа өмір бере аламыз. Мен осындай іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын», - деп атап өтті Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Бузақанов Мирас.

