2021 жылғы 18-19 наурыздаонлайн форматта ұлттық спорт түрлері бойынша Ұлттық Мектеп лигасының асық ату және бес асық облыстық жарыстары өтті.
Жарыстың мақсаты – ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.
Жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 5-11 сыныптардың 139 бозбала мен қыздары қатысты.
Командалар құрамы: Асық ату – 3 ұл; Бес асық – 3 қыз.
Жарыс қорытындысы бойынша «Асық ату» ойыны
5-6 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Тарбағатай ауданы «Көктүбек орта мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ командасы, Өскемен қаласы;
3 орын– «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі»КММ командасы, Аягөз ауданы.
7-8 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Тарбағатай ауданы «Көктүбек орта мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі» КММ командасы, Аягөз ауданы;
3 орын– «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ командасы, Абай ауданы.
9-11 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Тарбағатай ауданы «Көктүбек орта мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ командасы, Абай ауданы;
3 орын– «№ 44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы, Семей қаласы.
«Бес асық» ойынында
5-6 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Семей қаласы «№ 44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ командасы, Үржар ауданы;
3 орын- «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін
№ 6 мектебі» КММ командасы, Аягөз ауданы;
7-8 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Жарма ауданы «Васильковка негізгі мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ командасы, Өскемен қаласы;
3 орын– «№ 44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы,Семей қаласы;
9-11 сынып оқушылары арасында:
1 орынды Тарбағатай ауданы «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ командасы жеңіп алды;
2 орын– «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ командасы, Абай ауданы;
3 орын– «Б. Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы, Семей қаласы.
І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификат алады.
https://drive.google.com/drive/folders/1WDN2Fhgop-F6x-i-sfDfED-gjKwipFnw?usp=sharing
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!


