2021 жылғы 15-19 наурыз аралығында «Шығыс Қазақстан облыстық қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ жабық хоккей модулінің базасында Өскемен қаласында шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының балалар-жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты– балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға жаппай тарту, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны орындау, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мәдениетті дамыту, жас ұрпақтың бос уақытын ұйымдастыру және денсаулығын нығайту, Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккейді танымал ету.
Жарысқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 120 оқушы қатысты, командалар: Өскемен қ., Курчатов қ., Риддер қ., Алтай ауданы, Глубокое, Жарма, Тарбағатай, Ұлан аудандары.
Қатысушылар құрамы: 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер командалары – аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары.
2021 жылғы 19 наурызда турнирдің салтанатты жабылу және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі құрметті қонақтардың қатысуымен өтті: Шығыс Қазақстандағы шайбалы хоккей федерациясының төрағасы Селиверстов Юрий Анатольевич; Стрельчук Владимир Васильевич - шайбалы хоккей спортының ардагері, «Торпедо» хоккей клубының өкілі; Васильченко Василий Васильевич – шайбалы хоккей спортының ардагері, әлемдік хоккей тарихындағы ең ауыр жеңісті жеңген команда жаттықтырушысы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы; Бекетов Юрий Васильевич – «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ОРМБЖСМ» КММ директоры. Балаларды қысқы спорт түрлері бойынша мектептің және «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының спортшылары Комбарова Кира, Пак Нелли, Еркин Лея Дина Гарипованың «What if» композициясымен құттықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:
- Қақпашы – Исаев Егор «М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ-нің 2 сынып оқушысы, Өскемен қаласы;
- Шабуылшы – Хусаинов Руслан «№ 5 орта мектебі» КММ-нің 4 сынып оқушысы, Риддер қаласы;
- Қорғаушы – Шпак Данил «№ 7 орта мектебі» КММ-нің 2-сынып оқушысы, Өскемен қаласы;
- Ең нәтижелі ойыншы – Төлеген Динислам «М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушысы, Өскемен қаласы.
Жалпыкомандалық есепте:
1 орынды Өскемен қаласының құрама командасы жеңіп алды,
2 орын – Глубокое ауданының құрама командасы,
3 орын – Риддер қаласының құрама командасы.
Жүлделі орындарға ие болған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттар алды.
https://drive.google.com/drive/folders/1tXeFIeXceCOnkOafteQ5aXCzLO25CRJ7?usp=sharing
Жеңімпаз команда Шығыс Қазақстан облысының әкімі тағайындаған арнайы сыйлықпен, спорттық киім-кешек пен мүкәммал сатып алу үшін 1 000 000 теңгеге сертификатпен марапатталды.
Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тілейміз!