+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде асық ату және бес асық бойынша Шығыс Қазақстан облысының ұлттық Мектеп лигасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
17 Нау, 12:00

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын»  орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 18-19 наурызында онлайн форматта ұлттық спорт түрлері: асық ату және бес асық бойынша Ұлттық Мектеп лигасының облыстық жарыстары өткізіледі.

Жарыстың мақсаты - ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.

Жарыс аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары - 5-11 сынып оқушылары ұлдар мен қыздар арасында онлайн өткізіледі.

Командалар құрамы: Асық ату – 3 ұл; Бес асық-3 қыз.

Барлығы – 139 қатысушы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Жеңімпаз командалар республикалық жарыстарға қатысады.

Байқауды өткізу туралы ереже www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады:  Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе 8 (7232)75-15-53 телефоны бойынша хабарласуға болады.