+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Елбасы Медалі» жобасын іске асыру туралы
16 Нау, 14:41

«Елбасы Медалі» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «El Úmiti» бастамасын іске асыру аясында  2020 жылдың маусым айында басталды.

«Елбасы медалі» бұл жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

Бағдарламаның символы жетістіктің 7 жебесі – жастардың қабілеттерін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухы мен денесін шыңдауға, жаңа ұрпақты бәсекеге қабілетті етуге көмектесетін қызметтің 7 бағыты болып табылады. Бұл спорт, таланттар мен дағдыларды дамыту, кітап оқу, волонтер ісі, ұлттық мұра, туристік сапарлар және еңбек практикасы. Бағдарламада барлығы 3 деңгей бар: қола, күміс және алтын.

Бағдарламаға ШҚО-нан 600-ден астам дарынды оқушылар мен дарынды жастар қатысты.

Қатысушылардың жұмысы олардың жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлердің көмегімен жүзеге асырылды.

Бағдарламаға қатыса отырып, балалар өз уақыттарын басқаруды, мақсаттар қоюды және оларға жоспарлы түрде қол жеткізуді үйренді. Сондай-ақ, олар өз бойларында салауатты өмір салтын ұстануды және өзін-өзі үнемі дамытуды тәрбиелей алды.

2021 жылдың наурыз айында облыстың қалалары мен аудандарында тұңғыш 102 иегерге қола медаль мен Елбасының төсбелгісі табыс етілді. Бағдарлама қорытындысы бойынша ШҚО-дан 340 қатысушы қола медаль мен төсбелгіге ие болды.