+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қысқы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасы оқушылар Х қысқы гимназиадасының қорытындысы
15 Нау, 09:21

2021 жылғы 6 мен 12 наурыз аралығында оқушылар арасында қысқы спорттық бағдарлау бойынша Х қысқы Гимназиадасы өткізілді.

Петропавл қаласына 10 өңірден: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан спортшылар жиналды.

Шығыс Қазақстан құрамасының құрамында Өскемен қаласы, Глубокое және Шемонаиха аудандарының 5-10 сыныптарының 16 оқушысы қатысты.

Жас, жігерлі бағдарлаушылар келесі кезеңдерден сәтті өтті: орташа қашықтық, ұзақ қашықтық, эстафета, спринт.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО спортшылары қыздар арасында жалпы командалық есепте І орын және ұлдар арасында ІІ орын иеленді.