2010 жылы 10 - 17 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Грецияда (Халкидики) өткен халықаралық олимпиадаға қатысып қайтты.
Аталған олимпиада 19-рет өткізіліп отыр. Ең алғашқысы Ашхабад қаласында, қалғандары әлемнің түрлі елдерінде ұйымдастырылған.
Олимпиаданың мақсаты: ғылым негіздеріне қызығушылықтары бар интеллектуалды және шығармашыл дарынды балаларды анықтап, іріктеу, қолдау көрсету. Негізгі міндеттердің бірі – математика, физика, биология, экология, тарих және мәдениеттану облысында оқушылардың шығармашыл белсенділігін арттырудың неғұрлым оңтайлы формалары мен әдістерін іздеу.
Олимпиаданың бағыттары:
1. Ғылыми идеялар мен жаңалықтар тарихы (командалық айналым, ауызша).
2. Физика (жеке айналым – жазбаша, командалық – ауызша).
3. Математика (жеке айналым – жазбаша, командалық – ауызша).
4. Экология, биология (жеке айналым – жазбаша, командалық – ауызша).
5. Педагогика, психология (жеке айналым – жазбаша, командалық – ауызша).
Олимпиадаға Норвегия, Ресей (бұрынғы ТМД елдері), Қазақстаннан оқушылар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан 6 оқушы қатысты:
Семей қаласындағы ҚТЛ 10 - сынып оқушысы Саметеев Уалихан;
- Семей қаласындағы ҚТЛ 10 - сынып оқушысы Рахышев Ерасыл;
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы №5 МГ 9-сынып оқушысы Талдыбаев Жанәділ;
- Өскемен қаласындағы ҚТЛ 11-сынып оқушысы Тоқпакбаев Азат;
- Өскемен қаласындағы ҚТЛ 11-сынып оқушысы Ауданбаев Сырым;
- Өскемен қаласының №3 МГ 11-сынып оқушысы Исламова Айым.
Оқушылар командасының жетекшісі – Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы директорының орынбасары И.С.Стеблецова.
Олимпиадаға дайындық барысында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар үшін облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарының, сондай-ақ халықаралық интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегерлері - мектеп-түлектерінің («Дарындыдан – талаптыға» атты жаңа интеллектуалдық акция аясында) кеңес беруін ұйымдастырды.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың барлық 6 оқушысы жеке есепте үшінші жүлделі орынды және математикадан үшінші командалық орынды иеленді.
Оқушылар дипломадармен, сертификаттармен марапатталды.
Олимпиадаға қатысушылар үшін қызықты экскурсиялық мәдени-танымдық бағдарлама (Салоники қаласына экскурсия; көне үңгірді аралау, әлемнің сегізінші кереметі – Метеор монастырлеріне) ұйымдастырылды. 
