+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бітібаева Қ.О. атына өткен қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың халықаралық олимпиадасының қорытындысы
24 Мамыр, 12:49

2012 жылдың 19-20 мамыры аралығында ШҚО білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Республикалық ғылыми-әдістемелік зертхананың жетекшісі - Бітібаева Қ.О. атына қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың халықаралық олимпиадасын өткізді.cut

Шараны өткізудің мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету, интеллектуалды жарыстар мен олимпиадаларға қатысушылар арасындағы ұлттық мәдениет пен дәстүр алмастығына ықпал ету, халықтар достығын нығайту.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы және Астана, Алматы қалаларындағы орыс және қазақ тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Бірінші рет болып аталған олимпиадаға алыс және жақын шет ел – Қытай Халық Республикасы, Ресей, Түрікменстан, Қырғызстан және Монғолия мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылардың жұмыстарын олимпиаданың әділқазылар құрамындағы Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының, «Нұротан» партиясының, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының өкілдері және т.б. бағалады.

Олимпиада бағдарламасы бойынша олимпиада қатысушылары үшін Өскемен қаласы бойынша, облыстық этнографиялық, тарихи-өлкетанулық мұражайға, сол жақ жағалау кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шара көлемінде волейболдан халықаралық жолдастық кездесу мен «Шексіз дарындылық» атты халықаралық форум өткізілді. Форумға олимпиада қатысушыларымен қатар Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары – республикалық және халықаралық интеллектуалдық, эстетикалық, спорттық олимпиадалардың, сайыстар мен жарыстардың жеңімпаздары қатысты. Олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Алтай» технопаркіндегі қазіргі заманғы мәслихат залында өткізілді.

Делегация жетекшілері – қазақ тілі пәнінің мұғалімдері үшін Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың базасында Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

Олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

  

Қ.О. Бітібаева атына өткізілген қазақ тілі мен әдебиетінен

оқушылардың халықаралық олимпиадасында жеңімпаз атанған ШҚО оқушылар тізімі

      

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:

-  Жақсылықова Жанар – Өскемен қаласындағы №1 ОМ-тің 9-сынып оқушысы;

-  Жігерқызы Нұршырақ – Зырян ауданындағы Дәуленов ат. ОМ-тің 9-сынып оқушысы;

-  Ұланқызы Ләззат – Тарбағатай ауданындағы Байтұрсынов ат. ОМ-тің 9-сынып оқушысы;

-  Томилова Зарина – Өскемен қаласындағы №15 ОМ-тің 9-сынып оқушысы;

-  Мусина Надия – Көкпекті ауданындағы Преображенка ОМ-нің 9-сынып оқушысы;

-  Раевская Лариса – Глубокий ауданындағы Уваров ОМ-нің 9-сынып оқушысы;

-  Купреев Дмитрий – Семей қаласындағы ҚТЛ-нің 9 -сынып оқушысы;

-  Шағатаева Аяулым – Өскемен қаласындағы ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 10-сынып оқушысы;

-  Маратова Айзада – Тарбағатай ауданындағы Абай ат. ОМ-тің 10-сынып оқушысы;

-  Касымказина Әсем – Өскемен қаласындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;

-  Давиденко Екатерина – Жарма ауданындағы Маяк ОМ-нің 11-сынып оқушысы;

-  Морозюк Эрик - Өскемен қаласындағы ДБА «Восток» ҒЗДО МОМК 11- -сынып оқушысы;

-  Файзулин Гейдар - Семей қаласындағы ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» МЕМЛИ 11-сынып оқушысы;

-  Каиртаев Данияр – Жарма ауданындағы Бірлік ОМ-нің 11-сынып оқушысы;

-  Серік Ақжол - Өскемен қаласындағы ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 11-сынып оқушысы;

-  Қызыр Іңкәр – Ұлан ауданындағы Ломоносов ат.ОМ 11-сынып оқушысы;

-  Айтқалиев Ернұр - Семей қаласындағы ДБА Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» МЕМЛИ 11-сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:

-  Шевченко Ксения - Өскемен қаласындағы ДБА «Восток» ҒЗДО МОМК 9-сынып оқушысы;

-  Асқар Ақжарқын - Өскемен қаласындағы ШҚО ДБА ММЛИ 9-сынып оқушысы;

-  Туғанбаева Шырын - Өскемен қаласындағы ДБА Жамбыл ат. ОММГИ 9-сынып оқушысы;

-  Скатова Диана – Аягөз ауданындағы лицейдің 10-сынып оқушысы;

-  Ертарғынова Арай – Өскемен қаласындағы №43 ОМ-тің 10-сынып оқушысы;

-  Диденко Кристина – Семей қаласындағы №31 ОМ-тің 11-сынып оқушысы;

-  Калаба Павел - Өскемен қаласындағы ҚТЛ-інің 11-сынып оқушысы;

-  Семейханова Саягүл - Семей қаласындағы №32 ОМ-тің 11-сынып оқушысы;

-  Серікпаева Назерке - Өскемен қаласындағы ШҚО ДБА ММЛИ;

І дәрежелі дипломмен марапатталды:

-  Блохина Кристина – Зырян ауданындағы Ломоносов ат. ОМ-тің 9-сынып оқушысы;

-  Токчараева Әсел – Семей қаласындағы НЗМ-інің 10-сынып оқушысы.