+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы X қысқы оқушылар гимназиадасының қорытындысы
15 Нау, 09:14

2021 жылдың 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Петропавл қаласында Қазақстан оқушылары арасында Х қысқы гимназиадасы аясында шайбалы хоккейден жарыс өтті. Республикалық гимназиадаға еліміздің 9 өңірінен: Алматы қ. және Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 180 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстаннан Семей қаласы, Алтай және Ұлан аудандарының жас хоккейшілері бақ сынады. ШҚО жас хоккейшілері ерік күшін, мінезін көрсете отырып, жарыс қорытындысы бойынша  ІІІ жалпыкомандалық орынға ие болды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!