+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Желтоқсан оқиғаларының азаматтық ерлігін насихаттауға арналған Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасындағы шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
12 Нау, 15:29

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 15-19 наурызы аралығында Желтоқсан оқиғаларының азаматтық ерлігін насихаттауға арналған Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында өтетін шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі өткізіледі (бұдан әрі – Турнир).

Іс-шараның мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға жаппай тарту, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны орындау, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мәдениетті дамыту, жас ұрпақтың бос уақытын ұйымдастыру және денсаулығын нығайту, Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккейді танымал ету.

Жарыс облыстың жалпы білім беретін мектептерінің командалары арасында өткізіледі. Команда құрамы: 2010-2011 ж. т. 14 бозбала - аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары.

Жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған командалар тиісті дәрежедегі естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар медальдармен марапатталады.

Жеңімпаз команда республикалық жарыстарға қатысады және спорттық киім-кешек пен мүкәммал сатып алу үшін 1 000 000 теңге сомасына сыйлық сертификатын алады.

Рөл бойынша үздік ойыншылар («қақпашы», «шабуылшы», «қорғаушы», «ең нәтижелі ойыншы») арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін COVID-19 пандемия кезінде барлық қатысушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері бас өңірлік дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауы қажет. Жарыстарды өткізу барысында жарыстарды өткізу кезінде қолданылатын БМСДҚ және ШҚО БМСДҚ талаптары сақталуы тиіс. Жарыстар көрермендерсіз өткізіледі.

Турнирді өткізу туралы ереже мына сілтеме бойынша: https://www.shygysdaryn.kz

Қосымша ақпарат: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын», тел.: 8/7232/75-15-53, e-mail vk_ocfk@mail.ru.