Оқушыларды өлкетану мен экологиялық білімге, зерттеу және табиғатты қорғау қызметіне, туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші отанды зерттеуге тарту мақсатында 2021 жылғы 23-24 ақпанда «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты облыстық қашықтық интернет - байқауы өтті.
Байқауға «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты облыстық қашықтық интернет-байқауының іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Қатысушылар саны – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-9-сыныптары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 156 білім алушысы.
Конкурс номинациялары:
- «Тәуелсіздік және тарих» - ақпараттық жобалар конкурсы, қатысушылар ақпаратты алудың, оны өңдеу мен таныстырудың түрлі әдістерін зерделейді және пайдаланады;
- «Өлкетану атласы: Менің туған өлкем» - туған өлкені зерттеу, өлкетану материалын табиғи компоненттердің, аудан тұрғындарының және т.б. қысқаша сипаттамасы мен суреттері бар карта схемасында жинақтау және жүйелеу;
- «Ұлы дала рухы» - өз қолымен жасалған бұйымдардың шығармашылық байқауы: табиғи материалдан жасалған бұйым, «ою» және «кескіндеме», кесте тігу, шілтер тоқу, тоқыма, құрақ пластикасы, ленталармен кестелеу, гильоширлеу, бисер, қуыршақ, ойыншық және т. б.
Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс нәтижелері бойынша 79 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломды 15 оқушы, ІІ дәрежелі дипломды – 30, ІІІ дәрежелі дипломды – 34 оқушы жеңіп алды (Қосымша № 1). Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.
https://drive.google.com/drive/folders/1PyPY66Czc3-u3oZoX9dFJykj47bR-o-C?usp=sharing
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және туған өлкені зерттеу ісінде табыс тілейміз!







