- Жалпы ережелер
1. «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау (бұдан әрі – Олимпиада) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстары, кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар тізбесінің 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау, жас балаларды шығармашылық, білімқұмарлық және пайымдаушылыққа ұмтылатын белсенді азаматтар болуға ынталандыру бастамасы шеңберінде өткізіледі.
3. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.
4. Бұған дейін Олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары Олимпиадаға қатысуға қайта өтініш беруге құқылы.
2. Олимпиада мақсаттары мен міндеттері
5. Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.
6. Олимпиада Міндеттері:
1) ауыл мектептері оқушыларының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету;
2) дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды іріктеу және даярлау.
3. Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыру
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен өзі айқындайтын ұйыммен (бұдан әрі – Оператор) бірлесіп, оқушыларды бағалау рәсімдерін қажетті ұйымдастырушылық және ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етуді, оның ішінде тест сұрақтарының үлгілерін ҚР БҒМ ресми ресурсында жариялауды жүргізеді.
8. ҚР БҒМ құрамында ҚР БҒМ өкілдері бар олимпиаданың ұйымдастыру комитетін құрады. Жергілікті басқару органдары олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша өңірлік комиссиялар құруға құқылы.
9. Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің қызметі:
- Олимпиаданы дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасау;
- Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушыларды объективті іріктеудің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- Олимпиада қорытындылары туралы ақпаратты республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚР БҒМ ресми ресурстарында ұсыну.
10. Ұйымдастыру комитеті республикалық мерзімді басылымдарға және Министрліктің интернет-ресурсына оқушылардың Олимпиадаға қатысуы үшін тіркеудің басталу және аяқталу уақыты, күні, мерзімі туралы хабарландыру береді.
11. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. І кезеңде Олимпиадаға қатысушылар онлайн - платформада танымдық ойлау деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеу тапсырады.
12. Олимпиаданың I кезеңі когнитивті ойлау деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеуден тұрады және екі бөлімнен тұрады:
1) «Логикалық ойлау»;
2) «Кеңістіктік ойлау».
13. Кешенді тестілеуді Олимпиаданың I кезеңіне қатысушылар таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимде немесе тұрақты Интернет желісіне қосылған дербес компьютерлермен (бұдан әрі – ДК) жабдықталған және веб-камерасы, гарнитурасы (микрофон мен құлаққап) бар үй-жайларда өте алады.
14. I кезеңге қатысу үшін Олимпиадаға қатысушылар тиісті жылдың күнтізбелік 30 күні ішінде онлайн-платформада тіркеуден өтеді. Тіркеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қатысушылар үшін онлайн режимде тестілеуге қолжетімділік беріледі.
15. Олимпиаданың І кезеңіне қатысушыларға «Логикалық ойлау» бөлімі бойынша ең төменгі шекті балл жинау қажет, бұл мүмкін болатын ең жоғары балдың 20% - ын құрайды.
16. Олимпиаданың І кезеңінің тестілеу нәтижелері бойынша облыстар бөлінісінде ең жоғары қорытынды балл жинаған ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушыларын іріктеу жүзеге асырылады. Ағымдағы Олимпиаданы өткізу кезінде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушысы болатын өткен жылғы олимпиаданың ІІ кезең жеңімпаздары да Олимпиаданың ІІ кезеңіне жіберіледі. І кезең жеңімпаздарының жалпы саны 5000 оқушыны құрайды.
17. Олимпиадаға қатысушылар І кезеңнің кешенді тестілеу бөлімдері бойынша бірдей қорытынды балл жинаған жағдайда, «Логикалық ойлау» бөлімі бойынша жоғары балл жинаған Олимпиадаға қатысушыларға артықшылық беріледі.
18. I кезең қорытындысы бойынша іріктелген оқушылардың тізімін Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті бекітеді және ҚР БҒМ ресми ресурсында жарияланады. Іріктелген оқушылар бекітілген тізімге сәйкес Олимпиаданың ІІ кезеңіне жіберіледі.
19. ІІ кезең-күндізгі. Оқушылардың Олимпиаданың компьютерлік тестілеуін өткізу орындарында қатысуы міндетті. ІІ кезеңнің рәсімі компьютерлік тестілеуді көздейді, ол тұрақты Интернет желісіне қосылған ДК жабдықталған және веб-камерасы, гарнитурасы (микрофон мен құлаққап) бар үй-жайларда өткізіледі.
20. ІІ кезеңнің өтетін күні мен орны туралы мәліметтер, сондай-ақ олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушылардың тізімі компьютерлік тестілеу өткізілгенге дейінгі күнтізбелік 10 күн бұрын ресми ресурста жарияланады.
21. Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
1) «Математикалық сауаттылық»;
2) « Қазақ тілі», қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін;
3) «Орыс тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін;
4) «Ағылшын тілі»;
5) «Жаратылыстану».
22. Олимпиаданың ІІ кезеңінің қатысушыларына «Математикалық сауаттылық» бөлімі бойынша ең төменгі шекті балл жинау қажет, бұл мүмкін болатын ең жоғары баллдың 30% - ын құрайды. Олимпиаданың ІІ кезеңінің ең жоғары қорытынды балы бар оқушылар жеңімпаз атанады. Егер Олимпиадаға қатысушылар:
1) ІІ кезеңнің компьютерлік тестілеу бөлімдері бойынша бірдей қорытынды балл жинаған болса, «Математикалық сауаттылық» бөліміне сәйкес жоғары балл жинаған Олимпиада қатысушыларына артықшылық беріледі.
2) «Математикалық сауаттылық» бөлімі бойынша балл саны бірдей болған жағдайда, «Ағылшын тілі» бөліміне сәйкес жоғары балл жинаған Олимпиада қатысушыларына артықшылық беріледі.
3) «Ағылшын тілі» бөлімі бойынша балл саны бірдей болған жағдайда, І кезеңнің кешенді тестілеуінде жоғары қорытынды балл жинаған Олимпиада қатысушыларына артықшылық беріледі.
23. І және ІІ кезеңдердің нәтижелерін өңдеу оқушылардың жауаптарын автоматтандырылған талдау арқылы онлайн-платформада жүзеге асырылады. Аппеляция қарастырылмаған. ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған ауыл мектептерінің 5 және 6-сыныптарының 1000 оқушысын іріктеу жүзеге асырылады.
24. Тестілеу Олимпиадаға қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде өткізіледі. І кезеңнің кешенді тестілеуі үшін ең жоғары мүмкін балл 500 баллды құрайды. ІІ кезеңдегі компьютерлік тестілеу үшін мүмкін болатын ең жоғары балл 1000 баллды құрайды.
25. Олимпиаданың ІІ кезеңі жеңімпаздарының тізімін Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті бекітеді және ол ресми ресурста жарияланады.
4. Қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау және сүйемелдеу
26. Олимпиаданың II кезеңінің барлық қатысушыларына Олимпиада қатысушысының сертификаты беріледі. II кезеңнің барлық қатысушылары мен Олимпиада жеңімпаздарына академиялық даярлықтан өту үшін оқу жылы ішінде Оператордың қосымша білім беру онлайн мектебінде тегін оқу беріледі.
27. Жеңімпаз атанған мың оқушыға Олимпиада жеңімпазының дипломы беріледі. Диплом тапсыру үшін ІІ кезеңнің жеңімпаздары күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, тұрғылықты өңірлері бойынша марапаттау рәсіміне шақырылады. II кезеңнің жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау мүмкіндігі беріледі.
Результаты согласования
25.02.2021 16:52:24: Сейтак С. М. (Управление развития государственного языка) - - cогласовано без замечаний
Результат подписания
26.02.2021 18:51:01 Аймагамбетов А. К.. Подписано