Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Елбасының«Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде ауыл мектептері оқушылары арасында «Мың бала» ІІ Ұлттық зияткерлік олимпиадасы (бұдан әрі - Олимпиада) басталды.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектептердің қабілетті оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.
«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6 сынып оқушылары шақырылады. Сондай-ақ, бұрын Олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары олимпиадаға қатысуға қайта өтініш беруге құқылы.
Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады.
Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектептерінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады.