2012 жылдың 20-22 сәуірі аралығында Семей қаласында Республикамыздың жалпы білім беретін 9, 10, 11-сынып оқушылары үшін экологиядан VI Республикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының, педагогикалық білім берудің Халықаралық ғылым академиясының қолдауымен өтті.
Жалпы, олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне оқушылардан 330 өтінім беріліп, республикалық мәні бар екі қаланың (Астана, Алматы) және Қазақстан Республикасының барлық облыстарының оқушыларынан 250 ғылыми жоба ұсынылды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиадаға 128 оқушы жіберілді.
Олимпиада 4 кезеңнен тұрды: экологиядан ғылыми жобаларды көрсету және қорғау, тест түрінде өткізілген «Эрудит» теориялық кезеңі, «Дұрыс шешім табу» атты тәжірибелік кезең – тапқырлық пен жалпы дамытушылық бағыттағы, экология мен биология пәндері бойынша тапсырмалар.
Олимпиада кезінде Семей мемлекеттік институтының ректоры, ф-м.ғ.д., профессор М.А. Бектемесов; ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар бойынша проректор, экология-химия және география пәні кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор М.С. Панин, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Ж.Ж. Айтпаева; экологиядан Ертіс департаментінің Семей қаласындағы Шығыс Қазақстандық филиалының бас маманы К.М. Сакенова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиада қатысушыларына қойылған бағалар негізінде, әділқазылар алқасы мектеп бітіруші оқушылар үшін Қазақстанның кез-келген жоғарғы оқу орнында және негізгі пәні «Биология» болып табылатын кез-келген мамандық бойынша мемлекеттік грант негізінде оқуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарын беру шешімін қабылдады.
2 дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:
- Шакенова Меруерт – Бородулиха ауданы, Иванов ОМ-нің 11-сынып оқушысы;
- Құрманов Ғибрат – Семей қаласындағы №5 ОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Олимпиада қатысушыларына қойылған бағалар негізінде, әділқазылар алқасы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дипломдарын келесі оқушыларға беру шешімін қабылдады:
11-сыныптардан келесі оқушылар марапатталды:
1 дәрежелі дипломмен – Артамонов Юрий – Семей қаласындағы №23 ОМ-тің 11-сынып оқушысы («Экология» мамандығы бойынша СМПИ ректорының гранты);
2 дәрежелі дипломмен – Сұңғатов Еркебұлан – Семей қаласындағы №37 ОМ-тің 11-сынып оқушысы оқушысы («Экология» мамандығы бойынша СМПИ ректорының гранты);
3 дәрежелі дипломмен – Каримова Әйгерім - Өскемен қаласындағы №3 МГ-ның 11-сынып оқушысы;
10-сыныптар арасында:
3 дәрежелі дипломмен – Смелова Евгения – Предгорное ауылындағы Предгорненский орта мектеп-балабақшаның оқушысы;
9-сыныптар арасында:
2 дәрежелі дипломмен – Суднева Валерия – Семей қаласындағы Экономикалық лицейдің 9-сынып оқушысы;
3 дәрежелі дипломмен – Рамазан Әлібек – Абай ауданы, Қарауыл ауылының Абай атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы.
Олимпиада қатысушыларына қойылған бағалар негізінде, әділқазылар алқасы Семей мемлекеттік педагогикалық институтымен бекітілген құрмет грамоталарын келесі оқушыларға беру шешімін қабылдады:
«Үздік теориялық дайындық» номинациясы бойынша:
Борзенко Надежда – Семей қаласындағы №12 НОМ-тің 9-сынып оқушысы;
Рахат Нұрүстем – Абай ауданы, Мамай атындағы НОМ-тің 9-сынып оқушысы;
Қабдолданова Назым – Семей қаласындағы №30 НОМ-тің 10-сынып оқушысы;
Досмағанбетова Ақерке - Семей қаласындағы №16 НОМ-тің 11-сынып оқушысы;
«Экология пәнінен тапсырмаларды шешу кезінде танытқан тапқырлығы үшін» номинациясы бойынша:
Бекенов Нұрсұлтан Өскемен қаласындағы №3 МГ-ның 9-сынып оқушысы;
Акжалова Асель – Семей қаласындағы №6 МГ-ның 10-сынып оқушысы;
Каримова Әйгерім - Өскемен қаласындағы №3 МГ-ның 11-сынып оқушысы.
«Үздік экологиялық жоба» номинациясы бойынша:
Шакенова Меруерт - Бородулиха ауданы, Иванов ОМ-нің 11-сынып оқушысы;
Артамонов Юрий – Семей қаласындағы №23 ОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Каримова Айгерим - Өскемен қаласындағы №3 МГ-ның 11-сынып оқушысы.
«Жаңашыл ой» номинациясы бойынша:
Асаубаева Айжан - Бородулиха ауданы, Н. Островский ат. ОМ 9-сынып оқушысы;
Маратова Аяулым – Семей қаласындағы №37 МГ-ның 11-сынып оқушысы;
Ғабдулкәкім Әйгерім – Абай ауданындағы Шәкәрім атындағы ОМ 11-сынып оқушысы;
Юдаков Александр – Зырян ауданындағы №2 Жаңа Бұқтырма ОМ-нің оқушысы;
Курбатова Анастасия – Бесқарағай ауданындағы Борас ОМ-нің 11-сынып оқушысы;
Қымыранова Гүлзат – Семей қаласындағы №39 ОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Дусанова Зарина – Семей қаласындағы №12 НОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Қабденов Алмас – Семей қаласындағы №30 ОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Қилыбаева Салтанат – Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы ОМ-тің 11-сынып оқушысы.
Олимпиада қатысушыларына қойылған бағалар негізінде, әділқазылар алқасы Семей қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарын экология пәнінен оқушылардың VI республикалық олимпиадасында белсенділік танытқаны үшін келесі оқушыларға беру шешімін қабылдады:
Сундеева Валерия - Семей қаласындағы Экономикалық лицейдің 9-сынып оқушысы;
Абдильдина Айым - Семей қаласындағы №3 НОМ-тің 9-сынып оқушысы;
Борзенко Надежда - Семей қаласындағы №12 НОМ-тің 9-сынып оқушысы;
Бекенов Нурсултан - Семей қаласындағы №3 НОМ-тің 9-сынып оқушысы;
Кабдолданова Назым - Семей қаласындағы №30 НОМ-тің 10-сынып оқушысы;
Маратова Аяулым - Семей қаласындағы №30 МГ-ның 10-сынып оқушысы;
Тақан Нәзерке - Семей қаласындағы «Жарқын» НОМ-нің 10-сынып оқушысы;
Дусанова Зарина - Семей қаласындағы №12 НОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Курманов Ғибрат - Семей қаласындағы №5 НОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Артамонов Юрий - Семей қаласындағы №23 НОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Қымыранова Ғұлзат - Семей қаласындағы №39 МГ-ның 11-сынып оқушысы;
Сунғатов Еркебұлан - Семей қаласындағы №37 МГ-ның 11-сынып оқушысы;
Касенқызы Асылым - Семей қаласындағы «Жарқын» НОМ-нің 11-сынып оқушысы;
Қабденов Алмас - Семей қаласындағы №30 НОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Досмағанбетова Ақерке - Семей қаласындағы №16 НОМ-тің 11-сынып оқушысы;
Акжалова Асель - Семей қаласындағы №6 МГ-ның 10-сынып оқушысы;
Олимпиада қатысушыларына қойылған бағалар негізінде, әділқазылар алқасы «Облыстық балалар биология орталығы» МҚКМ-сінің құрмет грамоталарын (Семей қ.) келесі оқушыларға беру шешімін қабылдады:
Қасенқызы Асылым - Семей қаласындағы «Жарқын» ОМ-нің 11-сынып оқушысы;
Абдильдина Айым - Семей қаласындағы №31 НОМ-тің 9-сынып оқушысы;
Олимпиада көлемінде Семей қаласындағы назар аударарлық орындармен танысу бойынша мәдени бағдарлама ұйымдастырылды (Абай, Ф.М. Достоевский және Невзоров отбасы атындағы мұражайларды, бірегей «Биологиялық орталық» бұрышын тамашалау). Олимпиада қатысушылары Халықаралық экологиялық «Жер күнін» атап өте отырып, экологиядан оқушылардың Республикалық олимпиадасының саяжолына дәстүр бойынша ағаш отырғызды.
Оқушыларды бастап жүрген мұғалімдер үшін институт ғалымдары мен Семей қаласының мұғалімдері «Мектепте оқушыларға экология және биологиялық білім беру мен тәрбиелеудегі ғылыми жұмысты маңызды компонент ретінді ұйымдастыру» атты оқу-әдістемелік семинар өткізді. Сонымен бірге, «Назарбаев зияткерлік мектебіне» экскурсия ұйымдастырылып және аталған мектепте «Дарынды балалармен жұмыс істеудегі зерттеу ісі» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді.