Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 23-24 ақпанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты облыстық интернет-байқауын қашықтықтанөткізеді.
Байқаудың мақсаты – оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші отанын сүюге баулу.
Байқауға іріктеу сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 145 білім алушысы қатысады.
Қатысушылардың жасы: 7-9 сынып оқушылары.
Байқау бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:
1) «Тәуелсіздік және тарих» номинациясы – ақпараттық жобалар байқауы (баяндама, сұхбат, талдамалық мақала, сюжет, деректі материал, көрнекі өнім, фоторепортаж, бейнематериал, Интернет желісінде немесе жергілікті желілерде жариялау);
2) «Өлкетану атласы: Менің туған өлкем» номинациясы – туған өлкемді зерттеу, өлкетану материалын табиғи компоненттердің, аудан тұрғындарының және т.б. қысқаша сипаттамасы мен суреттері бар карта схемасында жинақтау және жүйелеу;
3) «Ұлы Дала Рухы» номинациясы– өз қолдарымен жасалған бұйымдардың шығармашылық байқауы.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Байқаудың қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі. Байқауды өткізу туралы ереже www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.
Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе
8 (7232)75-15-53 телефоны бойынша хабарласуға болады.