Жалпы ереже
1.1. Өткізу ережесі Семей атом полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық Форумының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, өткізу тәртібі және қаржыландыруды, жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуын анықтайды (бұдан әрі – Форум).
1.2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
1.3. Форум қашықтық форматта өткізіледі.
1.4. Форумның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынаста тәрбиелеу.
1.5. Форумның міндеттері:
- қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етуші, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;
- білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу және сақтау бойынша қызметіне қызығушылығын қолдау;
- білім алушылар мен педагогикалық қызметкерлер арасында жұмыс тәжірибесімен алмасу және шығармашылық байланыстар орнату;
- еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
- мәдени және табиғи алуан түрлілікті сақтау қағидатына сәйкес балаларда бірегей жалпы адамзаттық құндылықтарын тәрбиелеу;
- шығармашылық міндеттердің қойылымы үшін қатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді таңдау;
- балаларды іс-шараларға тарту арқылы қосымша біліммен қамтуды арттыруға жәрдемдесу.
1.6. Форумды өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
1.7. Форум ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
2. Форумды өткізу орны және уақыты
2.1. Жаппай іс-шараларға қатысу арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін
Форум үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең(іріктеу) – мектепішілік Форум (2021 жылғы ақпан);
Екінші кезең(іріктеу) - аудандық / қалалық Форум (2021 жылғы наурыз);
Үшінші кезең- облыстық Форум (2021 жылғы сәуір).
2.2. Форумның іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының бұйрықтарымен анықталады.
2.3. Аудандық/қалалық қашықтық іріктеу кезеңнің қорытындылыры өтінім түрінде № 1 Қосымшаға сәйкес білім беру бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітіліп ұйымдастыру комитетіне 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі мекен-жай бойынша жіберіледі: Өскемен қаласы, Абай көшесі, 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы,
тел. 8 (7232) 75-15-53, turismvko@mail.ru.
Өтінімге қоса беріледі:
- қатысушылардың байқау жұмыстары, https://www.youtube.com арнасында жүктелген бейнематериалға сілтеме;
- қатысушылардың жеке басын растайтын құжаттарының сканерленген көшірмесі.
2.4. Әрбір ізденуші тек бір ғана өтінім бере алады. Екі және одан да көп өтінімде бір із денушінің тең авторлығына жол берілмейді.
2.5. Форумға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Форум ұйымдастырушылары форум материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.
3. Форум қатысушылары
3.1. Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары – аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 14-17 жас аралығындағы білім алушылар (2021 жылдың маусымына!).
3.2. Топтың сандық құрамы әр ауданнан, қаладан - 9 оқушы және
1 жетекші.
4. Форумды өткізу шарттары мен тәртібі
Форум санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан өткізіледі.
4.4. Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі. Ұсыну тілі: қазақ немесе орыс:
1) «Туған өлке тарихы» номинациясы-виртуалды саяхат
Виртуалды 3D панорама: табиғатпен және тарихи орындарымен (маршруттар, экскурсиялар) өз өлкесінің көрікті жерлерімен, табиғат қорғау және қорық аумақтарымен, табиғат ескерткіштерімен, табиғи объектілермен 3D форматта танысу. Жұмыс ортасы – SketchUp, Blender, Tinkercad.com.
Бейнероликтің ұзақтығы 7 минутқа дейін.
Бағалау критерийлері:
- Құрылымы. Материалды ұсыну логикасы;
- Жұмыстың зерттеу сипаты;
- Мазмұн сапасы;
- Техникалық сапасы: сурет, дыбыс және т. б.;
- 3 D жұмыс форматы (жұмыс ортасы-SketchUp, Blender, Tinkercad.com);
- Шығармашылық. Ерекшелігі;
- Инновациялылық;
- Тақырыптың толық ашылуы. Номинацияға сәйкестігі.
Жеке қатысу-әр түрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы.
Байқауға бейнеролик ұсынылады.
2) «Жасыл экономика» номинациясы –жоба-зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша:
1) экологияны және қоршаған ортаны, жасыл экономиканы жақсарту, «жасыл» технологияларды қолдану;
2) инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және жылжыту бойынша практика.
Жеке қатысу-әр түрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы.
Конкурсқа жоба ұсынылады.
3) «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы- қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін көрсететін жобалар байқауы; денсаулық сақтау саласындағы практикалық қызмет; қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шаралары.
Жеке қатысу-әр түрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы.
Конкурсқа жоба ұсынылады.
«Жасыл экономика» және «Денсаулық және қоршаған орта» номинациялары бойынша жануарларға қатыгездікпен қарау эксперименттері жүргізілетін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянды заттар (канцерогендік және мутагендік әрекеттері бар уытты, радиоактивті, зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар; микроорганизмдер, вирустар, алкоголь, темекі) пайдаланылатын кәмелетке толмағандарға көрсету жұмыстары үшін рұқсат етілмеген аппаратураны пайдалана отырып, жобаларға қатысуға жол берілмейді.
Плагиат, бұрмалауға жол бермеңіз.
Рефераттық сипаттағы жұмыстарға жол берілмейді.
Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- зерттеу жобасы 25 беттен артық емес (қаріп 14 Times New Roman).
Осы талаптан асатын жұмыстарға қатысуға жіберілмейді!
- титулдық парақ (білім беру ұйымының толық атауы; автордың тегі мен аты, сыныбы; зерттеу жобасының тақырыбы; бағыты; ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты).1 беттен артық емес;
- рецензия, ғылыми жетекшінің пікірі (таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жеке үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстар). 2 беттен артық емес;
- кіріспе (таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі; зерттеудің мақсаты мен міндеттері; гипотеза; қойылған міндетті шешу әдістері; зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі; нәтижелерді практикалық қолдану саласы; кезеңдер, зерттеу процедурасы). 3 беттен артық емес;
- негізгі зерттеу бөлімі (таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге аналитикалық шолу; зерттеу сипаттамасы; зерттеу нәтижелері; иллюстративті материал (сызбалар, графиктер, фотосуреттер, суреттер және т. б.). 10 беттен артық емес;
- қорытынды жұмыстың негізгі нәтижелерін және олардың негізінде жасалған қорытындыларды, ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалану бойынша ұсынымдарды қамтиды. 3 беттен артық емес.
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (автордың тегі мен аты-жөні; мақаланың атауы; журналдың, кітаптың, сайттың атауы; басылым орны, сайттың мекен-жайы; шығарылған жылы, шығарылым, беттің нөмірі).
Жұмыстың негізгі мазмұнына демонстрациялық материал (макеттер, модельдер, бейнелер және т.б.) қоса беріледі.
Бағалау критерийлері:
- Зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы, мақсаттар мен міндеттерді қою;
- Жұмыстың зерттеу сипаты. Қатысушы автордың осы зерттеуіне қосқан практикалық үлесі;
- Шығармашылық. Автордың жеке үлесі;
- Жоба мазмұнының сапасы;
- Қойылған міндеттерді орындау нәтижелілігі. Жұмыстың практикалық маңыздылығы;
- Жұмысты рәсімдеу. Демонстрациялық материал;
- Тақырыптың толық ашылуы. Номинацияға сәйкестігі.
4) «Экоболашақ» номинациясы- көріктендіру, көгалдандыру бойынша атқарылған экологиялық жұмыстар, экологиялық акциялар, жылыжайлардың, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелердің, мектеп орманшылықтарының, экологиялық патрульдердің жұмысы туралы бейнероликтің презентациясы.
Презентация – 5 минутқа дейін.
Бұл мәселеге стандартты емес көзқарас, суретке түсіру, анимация және компьютерлік графика, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеу сияқты визуалды берудің әртүрлі әдістерін қолдану құпталады.
Бағалау критерийлері:
- Стилистикалық шешім;
- Практикалық қолдану;
- Креативтілік;
- Мазмұны;
- Әлеуметтік маңыздылығы;
- Бейнематериалдардың сапасы;
- Тақырыптың толық ашылуы. Номинацияға сәйкестігі.
Жеке қатысу-1 қатысушы.
Байқауға бейнеролик ұсынылады.
5) «Жасыл оазистер» номинациясы - экодизайнерлер байқауы
Конкурстық жұмыс табиғи-өсімдік материалынан еркін стильде орындалады!
Интертті материалды пайдалануға болады (20% артық емес).
Композицияның өлшемдері 50х50 см-ден аспайды.
Конкурстық жұмыс көрсету материалымен (макеттер, модельдер, бейне және т.б.) сүйемелденеді.
Бағалау критерийлері:
- Өзектілігі мен жаңалығы. Идея;
- Композиция;
- Орындау техникасы;
- Шығармашылық. Креативтілік;
- Практикалық қолдану;
- Тақырыптың толық ашылуы. Номинацияға сәйкестігі.
Жеке қатысу-1 қатысушы.
Байқауға бейнеролик ұсынылады.
6) «Жеңіс мамыры» номинациясы - панно немесе коллаж байқауы.
Бұл номинацияда флористикалық панно немесе коллаж түріндегі туған қаланың, ауылдың (елді мекеннің) сұлулығын көрсететін байқау жұмысы ұсынылады. Жұмыста гүл жапырақтарынан, гүлдерден флористикалық кескіндеме техникасында орындалған қаланың танымал объектісі бейнеленуі тиіс.
Байқау жұмысының көлемі – 40 х 60 см.
Бағалау критерийлері:
- Өзектілігі мен жаңалығы. Идея;
- Композиция;
- Орындау техникасы;
- Шығармашылық. Креативтілік;
- Тәжірибеде қолдану шындығы.
- Тақырыптың толық ашылуы. Номинацияға сәйкестігі.
Жеке қатысу-1 қатысушы.
Байқауға қатысуға кез келген техникада, оның ішінде аралас, кез келген материалдан, кез келген құралмен (пластилин, табиғи материалдар және т.б.) орындалған панно немесе коллаж фотосуреттері қабылданады.
Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түп нұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың анық оқылатын қолы: аты, тегі, жасы болуы тиіс.
Файл параметрлері: jpg немесе png форматы.
Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады.
Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.
5. Форум қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау
5.1. Кәсіби қазылар алқасы форумның бағалау критерийлеріне сәйкес конкурстық жұмыстарды бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
5.2. Форум қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар номинациялар бойынша І, ІІ, ІІ І дәрежелі дипломдармен марапатталады. Форумның қалған қатысушыларына сертификаттар беріледі.
5.3. Номинациялар бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушылар 2021 жылдың маусым айында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысады.
Анықтама телефоны: 8(7232) 75-15-53.
6. Форумды қаржыландыру
6.1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырылады.
Қосымша 1
Семей атом полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумына қатысуға өтінім, 2021 жылғы сәуір
Топ __________________________________ аудан/қала
|
№ п/п |
Номинация |
Жұмыстың атауы |
Қатысушының Т.А.Ә (туу туралы куәлік бойынша толық) |
Сынып |
Білім беру мекемесі |
Туған жылы (туу туралы куәлік бойынша күні, айы, жылы) |
Қатысушының әлеуметтік отбасылық жағдайы (көпбалалы / аз қамтылған / т.б.) |
Қатысушының мекен-жайы, электрондық поштасы, телефон |
Жоба жетекшісі (жеке куәлік бойынша Т.А.Ә, лауазымы, мекеме, телефон, эл. пошта) |
|
1. |
«Туған өлке тарихы» (әр түрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
«Жасыл экономика» (әр түрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. |
«Денсаулық және қоршаған орта» (әр түрлі бағыттар бойынша 2 қатысушы) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7. |
«Экоболашақ» (1 қатысушы) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8. |
«Жасыл оазистер» (1 қатысушы) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9. |
«Жеңіс мамыры» (1 қатысушы) |
|
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісі: __________________________________________________________________________________
(жеке куәлік бойынша Т.А.Ә, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) _______________________________________________________________________________________________________
Білім бөлімінің басшысы _________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

