+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мектеп оқушылары арасындағы XIII облыстық Абай және III облыстық Махамбет оқуларын дайындау және өткізу ЕРЕЖЕСІ
22 Мамыр, 03:51

XIII Абай және III Махамбет оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың жалпы білім беретін ұйымдардың 5-11 – сыныптарының оқушылары қатынаса алады.cut

XIII Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

1 бөлім - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (Абай және Шәкәрім шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

3 бөлім – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығарма).

2 – бөлім - «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы.

  1. III Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

1 бөлім - «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанаға дейін ұсынуы қажет (ақындардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

2 бөлім - «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Төлеген Айбергеновтің, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы.

3 бөлім - «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығарма).

Әрбір аудан, қаладан облыстық кезеңге 3 кандидатура: ақындардың шығармаларын жатқа оқитын бір оқушыны, әндері мен күйлерін орындайтын бір оқушыны және өз шығармаларын (өлеңдері, әндері, музыкалық шығармалар) орындайтын бір оқушыны ұсынады. Алдыңғы жылдардағы жеңімпаздар 2012 жылғы оқуға қатыса алмайды.

XIII Абай және III Махамбет оқуларының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін жауапкершілік Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына жүктеледі.

Мектеп оқушыларының, жетекшісінің облыстық кезеңге қатысуға байланысты шығындарын жіберіп отырған мекемелері көтереді.