+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
10 Ақп, 18:25

2021 жылғы 10 акпанда ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын қашықтықтан өткізді.

Облыстық айтыстың өткізілу мақсаты - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, табиғи таланттыларды табу, қабілеттерін айқындау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.

Айтысқа аудандық/қалалық іріктеу кезеңінен жүлдегер болған 8-11 сыныптардың 20 оқушысы қатысты.

Жас ақындарды білікті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының ақындары кірді.

Қашықтықтан өткізілген айтыстың қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлдегер атанды:

Бас жүлде- Рахат Тамаша, Жарма ауданы, КММ «Бірлік орта мектебі», 10 сынып оқушысы;

І орын- Манарбек Ықылас, Үржар ауданы, КММ «Жансүгіров атындағы орта мектебі», 10 сынып оқушысы.

ІІ орын:

-  Асқарқызы Нұрайым, Тарбағатай ауданы, КММ «Өкпеті орта мектебі», 8 сынып оқушысы;

- Жұмағалиев Ақтілек, Семей қаласы, КММ «№15 жалпы білім беретін орта мектебі», 8 сынып оқушысы;

- Шешімбек Өркія, Зайсан ауданы, КММ «Көгедай орта мектебі», 11 сынып оқушысы.

ІІІ орын:

  • Бақытқанұлы Мейрамбек, Ұлан ауданы, КММ «Бозанбай орта мектебі», 10 сынып оқушысы;

  • Оразова Көркем, Зайсан ауданы, КММ «Айнабұлақ орта мектебі», 10 сынып оқушысы;

  • Дауренұлы Айбат, Зайсан ауданы, КММ «Қаратал орта мектебі», 10 сынып оқушысы.

Номинациялар:

  • Асылбек Аймерей, Өскемен қаласы, КММ «№33 Абай атындағы орта мектебі», 8 сынып оқушысы;

  • Байбуринова Тоғжан, Абай ауданы, «Ақсұңқар» ақындар сыныбы, 9 сынып оқушысы;

  • Абдрахманов Ерқанат, Аягөз ауданы, КММ «Қазақ мектеп-лицейі», 9 сынып оқушысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кезеңнің Бас жүлде иегері Рахат Тамаша мен І орын иегері Манарбек Ықылас ағымдағы жылғы ақпанның үшінші онкүндігінде өтетін байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!