Облыстық білім басқармасы «Оқу мектебі» республикалық жобасын іске асыру шеңберінде А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп 2021 жылдың 5 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсын өткізді.
Конкурстың басты мақсаты - мектеп оқушылары арасындағы оқу мәртебесін арттыру, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, балалар мәдени және оқылымдық құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағыттарын қалыптастыру.
Конкурсқа 3000-нан астам жас оқырман - облыстың аудандары мен қалаларының білім беру ұйымдарының 6-8 сынып оқушылары белсенді қатысты.
Бір ай көлемінде қатысушыларға шетелдік және қазақстандық авторлардың бірқатар кітаптары ұсынылды. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша онлайн-викторинаға қатысты.
Викториналық-конкурстың нәтижесінде 1176 жүлдегер анықталды, олардың 53-і абсолютті жеңімпаз болды (1 орын - 123, 2 орын - 453, 3 орын - 547).
9 ақпанда Конкурстың қатысушылары үшін кітап авторлары - қазақстандық балалар жазушылары Толымбек Әбдірайым, Зира Наурызбаева, Лили Калаус және Мәди Айымбетовпен Zoom платформасында және Facebook әлеуметтік желісі арқылы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы С.А. Жумадилова, А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Б.Ж.Шагиева қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында балалар кітап авторларына оқыған кітаптары аясында сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, жазушылар өз шығармаларынан мейірімділікке, жақындарына деген сүйіспеншілікке, табиғатты құрметтеуге үйрететін үзінділер оқыды.
«Оқы және жеңіске жет» конкурсы көктемгі демалыста жалғасады.
Конкурс жүлдегерлерінің тізімі қоса беріледі.
https://drive.google.com/drive/folders/1AYvKdT3HT6VvFqafuXWvewqtjqJ5H5gC?usp=sharing
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!


