Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылдың 1-5 ақпаны аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысушылар үшін «Зияткер» ғылыми мектебін ұйымдастырды.
Іс-шара Zоом платформасы арқылы қашықтықтан өткізілді. Республикалық кезеңге қатысушылардың ғылыми жобалары облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғылымдары мен оқытушыларымен тыңдалды. Әр қатысушыға зерттеу жұмысын қорғауға дайындық бойынша жеке кеңес берілді (сөйлеу сөзі және зерттеу жұмысының презентациясы).
Конкурстың республикалық кезеңінде біздің қатысушыларға табыс пен жоғары жетістіктер тілейміз!
