+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ Х ҚЫСҚЫ ГИМНАЗИАДАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
08 Ақп, 11:38

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес2021 жылдың 18-20 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасындағы Х қысқы Гимназиадасы (бұдан әрі – Гимназиада) өткізіледі.

Іс-шара мақсаты – дене шынықтыру мен спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен, соның ішінде қысқы спорт түрлерімен үнемі айналысуға тарту, ауқымды халықаралық және республикалық жарыстарға, турнирлар мен чемпионаттарға қатысу үшін команда құрамына талантты спортшыларды іріктеу және дайындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу.

Жарыс халықаралық FISH федерациясының ережелері бойынша жеке команда ретінде өткізіледі. Ұлдар мен қыздар арасындағы жалпыкомандалық есеп бөлек есептеледі.

Облыстық жарыстарға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының құрама командалары қатысады - іріктеу жарыстарының жеңімпаздары.

Қатысушылардың жасы:

1-ші топ 2003-2004 ж.т.;

2-ші топ 2005 ж.т. және одан кіші.

Жарыстардың міндетті түрлері:

№ п/п

Жарыстар

Өткізукүні

Өткізуорны

1.

Қысқы Президенттік көпсайыс:

- ұлдар;

- қыздар.

18-20ақпан

2021 жыл

«Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі»КММ, Өскемен қ.

2.

Қысқыспорттықбағдарлау:

- ұлдар;

- қыздар.

18-19ақпан

2021 жыл

Саябақаймағы, Өскемен қ.

 

Шығыс Қазақстан облысының Гимназиада жеңімпаз оқушылары
2021 жылдың ақпан-наурыз айларында Гимназиаданың Республикалық кезеңіне қатысады.

Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін COVID–19 пандемия кезінде барлық қатысушыларға бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау қажет. Жарыстарды өткізу барысында БМСДҚ № 67 қаулысының барлық талаптары сақталуы тиіс.

Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»

тел.: 8/7232/75-15-53, e-mail vk_ocfk@mail.ru.