Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырамас белгісі.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты ХV республикалық қашықтық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің рухани дамуын, қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту.
Олимпиада екі турда өткізілді: қашықтық және қорытынды. Шығыс Қазақстан облысынан олимпиадаға 524 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытынды турында облысымыздың намысын 15 оқушы қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
1. I дәрежелі дипломмен - Риддер қаласы Д. Қонаев атындағы №3 орта мектептің 5 сынып оқушысы Кожемяко Кира;
2. ІІ дәрежелі дипломмен - Бесқарағай ауданы Канонерка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Грошева Татьяна;
2. ІІI дәрежелі дипломмен:
1) Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка орта мектебінің 8 сынып оқушысы Буш Оксана;
2) Риддер қаласы №1 мектеп - лицейінің 9 сынып оқушысы Богомолова Алена;
3) Риддер қаласы №1 мектеп - лицейінің 9 сынып оқушысы Березовских Екатерина;
4) Семей қаласы №40 орта мектептің 7 сынып оқушысы Белов Юрий;
5) Глубокое ауданы Жаңа Ертіс орта мектебінің 7 сынып оқушысы Горбачев Георгий марапатталды.
Барлық қатысушылар ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО сертификаттарына ие болды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!