+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«ШЫҒЫС ДАРЫНЫ» АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖУРНАЛЫ
03 Ақп, 15:22

«Шығыс дарыны» ақпараттық-әдістемелік журналы 2013 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді және осы уақыт аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласындағы жетекші журналдардың біріне айналды.

Журнал әдістемелік шеберлікті арттыру, педагогикалық тәжірибемен алмасу, дарынды оқушыларды әр түрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға дайындау мақсатында шығарылады.

Журналда тоқсан сайын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар, жас шығысқазақстандықтардың жетістіктері, өткен шаралардың қорытындылары, сондай-ақ, «Дарын» лагеріндегі жаңа ауысымның анонсы туралы ақпараттар жарияланады. Сонымен қатар, журналда облыс педагогтарының «Абай әлемі», «Ғылым- педагогке», «Іс-тәжірибемнен» айдарында материалдары шығарылады.

Журнал ресми тіркелген, журналдағы жарияланымдар педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтуге жарамды. Жұмысты журналда жариялау үшін талаптарға сәйкес материалдарды «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО vk_daryn@mail.ru поштасына жіберу қажет.

Талаптарды астындағы сілтеме бойынша көшіре аласыз.