1. Мақсаты мен міндеттері
1.1. Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының Х қысқы Гимназиадасы (бұдан әрі - Гимназиада) келесі мақсатта өткізіледі:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2021 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңын іске асыру;
2) дене шынықтыру мен спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) оқушыларды дене шынықтыру мен және спортпен, соның ішінде қысқы спорт түрлерімен үнемі айналысуға тарту;
4) спорт резервін даярлау бойынша балалар спорт мектептері жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру;
5) ауқымды халықаралық және республикалық жарыстарға, турнирлар мен чемпионаттарға қатысу үшін команда құрамына талантты спортшыларды іріктеу және дайындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
6) жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін COVID–19 пандемия кезінде барлық қатысушыларға бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау қажет. Жарыстарды өткізу барысында БМСДҚ № 67 қаулысының барлық талаптары сақталуы тиіс.
2. Гимназиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1. Гимназиаданың дайындалуына және өткізілуіне жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») Гимназиаданың бағдарламасына сәйкес
(1-қосымша) жүзеге асырады.
2.2. Гимназиаданың 1 және 2-кезеңдерін өткізуге басшылық ету және жауапкершілік аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, облыстық білім басқармасына, дене шынықтыру және спорт басқармасына, Денсаулық сақтау басқармасына (келісім бойынша) жүктеледі. Жарыстарды сапалы өткізу мақсатында аудандық, қалалық және облыстық білім бөлімдерінің жанынан Гимназиада өткізілетін орындарда аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдерінен ұйымдастыру комитеттері құрылады.
2.3. Облыстық жарыстарды өткізу ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекіткен бас төрешілер алқасына жүктеледі.
2.4. Жарысқа қатысуға рұқсатты мандаттық комиссия жүзеге асырады.
2.5. Облыстық жарыстарға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының құрама командалары қатысады.
2.6. Гимназиада жарыстарының барлық кезеңдеріне қатысуына 2003 жылы туған және одан кіші оқушылар, медициналық тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
2.7. Аудандар мен қалалар оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спортшыларды облыстық жарыстар өтетін жерге және кері қарай іссапарға жіберу бойынша шығыстарды көтеретін жағдайда спорт интернаттары мен колледждерінің оқушылары оларды оқуға жіберген аудандар мен қалалар атынан қатысады.
2.8. Спортшылардың жарыстарға, аудандар мен қалалардың қатысуы бойынша даулы мәселелерді болдырмау мақсатында олардың алдын ала өзара келісілуі қажет. Ондай жағдай туындаған кезде аудандар мен қалалардың өкілдері мандаттық комиссияның отырысына растау құжаттарын (жарысқа қатысу туралы Бұйрық, спорттық интернатқа және колледжге қабылдану туралы бұйрық және басқалар) ұсынылуы тиіс.
2.9. Гимназиадаға қатысу туралы өтінімдер аудандық және қалалық білім бөлімдерімен ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына vk_ocfk@mail.ru мекенжайы бойынша 2021 жылғы 9 ақпанға дейін жолданады.
2.10. Жарыстарға қатысу үшін командалар мандаттық комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
1) Гимназиадаға қатысуға дәрігер және білім беру саласындағы тиісті атқарушы билік органы растаған өтінім (бірыңғай және әрбір спорт түріне) (2 қосымша);
2) қатысушының жеке куәлігі (16 жасқа толмаған қатысушыларға – туу туралы куәлік);
3) оқушының аталған оқу орнында, спорт мектебінде оқитынын растайтын фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы (3 қосымша);
4) қатысушының сақтандыру полисі;
5) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы.
2.11. Жаттықтырушы- оқытушы спортшылардың жол жүру және жарыс күндері кезіндегі өмір қауіпсіздігі және денсаулығы үшін жауапты.
2.12. Жарыс барысында қайта өтінім беруге төрешілер алқасы спорт түрлері бойынша жарыс ережелеріне сәйкес командалар құрамындағы жарыстарға мәлімдеген және рұқсат берген қатысушылардың есебінен рұқсат етіледі.
3. Гимназияданы өткізу шарттары
3.1. Гимназияда үш кезеңде өткізіледі:
1 кезең– мектепішілік, аудандық (қаңтар-ақпан);
2 этап– облыстық (ақпан-наурыз);
3.2. Гимназиаданың спорт түрлері бойынша облыстық жарыстары халықаралық ережелер бойынша өткізіледі.
3.3. Аудандар мен қалалар командаларының құрамында спортшылардың өнер көрсетуі, сондай-ақ спорт түрлерін қоса атқару үшін қатарлас сынақ қарастырылмайды.
-3.4. Екі және одан да көп командаларда ұпай саны тең болған жағдайда, спорт түрлерінде (спорттық ойындарды қоспағанда) командалық біріншілікті анықтау кезінде басымдыққа спорттың міндетті түрлерінде бағдарламаның жеке нөмірлерінде бірінші, екінші және т.б. орындарға көп команда ие болады.
3.5. Спорттың ойын түрлерінен төрешілер алқасы барлық командаларды жеребе тастау арқылы алдын ала топтарға бөледі. Алдын ала топтарда бірінші орын алған командалар бірінші финалдық топты құрайды. Екінші орын алған командалар екінші финалдық кіші топты құрайды.
3.6. Спорт түрлері бойынша командалық, жеке біріншілікті анықтау үшін ұпайларды есептеу кесте бойынша жүргізіледі (4 қосымша).
3.7. Команда орындары 1-ден 19-ға дейін жинаған ұпай саны бойынша,
№ 1 кесте бойынша анықталады.
3.8. Екі немесе одан да көп командалардың ұпайлары тең болған жағдайда, ұтылған және тең кездесулердің саны бойынша өзара ойындардың нәтижелері бойынша команда басымдыққа ие болады.
3.9. Облыстық жарыстарда анықталады:
1) бағдарламаның әрбір нөмірінде жеке біріншілік кемінде осы түрдегі
4 спортшының қатысқан жағдайында;
2) спорт түрлерінен командалық біріншілік 5 команданың қатысуымен жиналған ұпай жиынтығы бойынша анықталады;
3) Гимназиада қорытындысы бойынша аудандар мен қалалар құрама командаларының жалпыкомандалық орны жиналған ұпайлардың ең аз саны бойынша анықталады:
Міндетті спорт түрлері:
1) шаңғы жарысы (ұлдар);
2) шаңғы жарысы (қыздар);
3) қысқы президенттік көпсайыс (ұлдар);
4) қысқы президенттік көпсайыс (қыздар);
5) қысқы спорттық бағдарлау (ұлдар);
6) қысқы спорттық бағдарлау (қыздар).
4. Гимназиаданы қаржыландыру
4.1. ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы облыстық кезеңде төрешілер алқасының, қызмет көрсетуші персоналдың сондай-ақ, медаль, кубок, құжаттарды дайындау, спорттық атрибуттарын (грамоталар, дипломдар) әзірлеу бойынша шығындарды өтейді.
4.2. Қатысушыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді іссапарға жіберуге байланысты шығындарды, жолдағы тәуліктік шығындарды, жарыс күндері кезінде тамақтануды және орналастыруды іссапарға жіберуші ұйымдар қаржыландырады.
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
- Жарыстарды өткізу бойынша спорттық ғимараттарды дайындайды;
4.4 Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы:
- Іс-шара өтетін жерде жедел медициналық жәрдем бригадасының кезекшілігін ұйымдастыруға ықпал етеді.
5. Марапаттау
5.1. Жекелеген спорт түрлерінен 1-2-3 орын алған аудандар мен қалалардың құрама командалары кубоктармен және дипломдармен марапатталады.
5.2. Жеке спорт түрлерінде финалдық жарыстарда 1-2-3 орын алған қатысушылар гимназиада медальдарымен, тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.
5.3. Жаттықтырушы-өкілдер, гимназиада төрешілері облыстық ұйымдастыру комитетінің алғыс хаттарымен марапатталады.
Гимназиаданың ережесіне
4 Қосымша
Спорт түрлері бойынша командалық біріншілікті, жеңімпаздарды анықтау кестесі
|
Алған орын |
Спорттық ойындар |
Командалық және топтық жарыстар, эстафета |
Жекелей орындар |
|
|
№1 кесте |
№ 2 кесте |
№3 кесте |
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
|
54 45 37 30 27 25 23 21 18 16 13 12 10 9 7 6 4 3 1
|
36 33 30 28 25 22 20 19 18 17 16 15 14 13 12 11 10 9 8 |
Гимназиаданың ережесіне
2 Қосымша
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған
ШҚО мектеп оқушыларының X қысқы Гимназиадасының финалдық жарысына қатысуға
ӨТІНІМ
_______________________________________ (қала/аудан)
Спорт түрі________________________________
|
№ п/п |
Спортшының ТАӘ |
Туылған жылы |
Атағы, дәрежесі |
Бағдарлама
|
Бапкердің ТАӘ |
Оқу орнының мекенжайы |
Әлеуметтік жағдайы (Аз қамтылған / көпбалалы) |
БЖСМ (ОРБЖСМ) тиесілі |
Дәрігер рұқсаты (қолы, мөрі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М.Б.Ш.
Жіберілген спортшылар ____________________
Дәрігер _______________________(қолы)
Білім бөлімінің басшысы_________________________(қолы)
«____»____________________ 2021 ж.
Гимназиаданың ережесіне
3 Қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының X қысқы Гимназиадасына қатысушысының
ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Спорт түрі__________________________
(мектеп мөрі фотоның бұрышына қойылады)
М.Б.Ш
мектептің
Т.А.Ә. ______________________________________________________
Туылған жылы_________________________________________________
Спорттық дәрежесі_________________________________________
Оқу орны___________________________________________________
Мектеп директоры____________________________________ (Т.А.Ә., қолы)
БЖСМ________________________________________________________
БЖСМ директоры______________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Гимназиаданың ережесіне
1 Қосымша
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары Х қысқы Гимназиадасының бағдарламасы (2003 ж.т. және одан кіші)
1. Шаңғы жарысы (ұлдар, қыздар)
Жарыс жекелей- командалық болып өткізіледі.
Команда құрамы- 22адам:
қыздар - 10
ұлдар - 10
бапкер-өкіл - 1
төреші–1
Қатысушылар жасы:
1 топ 2003-2004 ж.т. ұлдар - 5, қыздар-5.
2 топ 2005 ж.т. және одан кіші ұлдар - 5, қыздар -5.
Жарыс FISH халықаралық федерациясының ережелері бойынша жекелей-командалық ретінде өткізіледі. Ұлдар мен қыздар арасындағы жалпы командалық есеп жекелей есептеледі.
Жарыс бағдарламасы:
1 күн- келу күні, мандаттық комиссия өткізу, төрешілер алқасының отырысы.
2 күн коньки стилі жарысы
ұлдар 2003-2004 ж.т. - 10 км қыздар 2003-2004 ж.т. - 5 км
ұлдар 2005 ж.т. және одан кіші - 5 км қыздар 2005 ж.т. және одан кіші - 3 км
3 күн Коньки стилі спринт
ұлдар 2003-2004 ж.т. қыздар 2003-2004 ж.т.
ұлдар 2005 ж.т. және одан кіші қыздар 2005 ж.т. және одан кіші
4 күн классикалық стиль жарысы
ұлдар 2003-2004 ж.т. - 10 км қыздар 2003-2004 ж.т. - 5 км
ұлдар 2005 ж.т. және одан кіші 5 км қыздар 2005 ж.т. және одан кіші - 3 км
5 күн эстафета- ұлдар 2003-2004 ж.т. 4х5 км
ұлдар 2005ж.т.және одан кіші 4х5км
қыздар 2003-2004ж.т. 4х3 км
қыздар 2005ж.т. және одан кіші 4х3км
6 күн– Қайту күні
2. Қысқы спорттық бағдарлау (ұлдар, қыздар)
Команда құрамы - 18адам:
қыздар – 8;
ұлдар - 8;
бапкер-өкіл – 1;
төреші – 1.
Жарысқа жіберу шарттары:
MW12 (2010-2009), MW14 (2008-2007), MW16 (2006-2005), MW18 (2004-2003)
әр топта 2 адамнан.
Тәртіп түрлері: орташа қашықтық.
Жарыс 2017 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған спорттық бағдарлау федерациясының ережелері бойынша өткізіледі. Жеке ұпайлар мына формула бойынша есептеледі: 100*T жеңімпаз / t қатысушы. Эстафетадағы команданың ұпайлары жеңімпаз / t команда 100*t формуласы бойынша есептеледі. Команда нәтижесі жеке қашықтықта және эстафетада барлық команда мүшелерінің жинаған ұпай жиынтығы бойынша анықталады.
1 күн:
17:00 дейін - келу, орналасу, мандаттық комиссиядан өту, өтінім тапсыру;
17:00 – Шәкәрім даңғылы 150/1 мекен-жайында орналасқан
ШҚО ДШжСБМБЖСТМ команда өкілдерінің кеңесі
2 күн:
10:00 – бірінші қатысушының жарыс бастауы, орташа қашықтық;
13:00 – нәтижелерді қорытындылау, марапаттау
3. Қысқы президенттік көпсайыс (ұлдар, қыздар)
Команда құрамы - 10 адам:
қыздар - 4;
ұлдар - 4;
бапкер-өкіл - 1;
төреші - 1.
Жарыс Қазақстан Республикасының Президенттік көпсайыспен бекітілген ережелеріне сәйкес жекелей-командалық біріншілік ретінде өткізіледі.
Жас құрамы 2004 ж.т. және одан кіші
Туылған жылы қыздар ұлдар
2004-2005 ж.т. 2 2
2006 ж.т. және одан кіші 2 2
Әрбір жас тобында екі қатысушыдан артық емес, қыздар мен ұлдарда жекелей-қатысуға рұқсат етіледі.
Жекелей есепте жеңімпаздар қысқы президенттік көпсайыстың нәтижелерін бағалау кестесіне сәйкес жинаған ұпайлардың ең көп саны бойынша анықталады.
Командалық есепте жеңімпаздар жарыстың нәтижесінде барлық он қатысушының жинаған ұпайларының ең көп саны бойынша анықталады.
1 күн– келу күні. 17.00 – төрешілер алқасының және мандаттық алқасының отырысы.
2 күн– Пневматикалық винтовкадан және пневматикалық қарудан ату – 10 ату.
Күштік гимнастика: қыздар – жатып тұрып қолдарын бүгу және жазу; ұлдар – аспалы темірге (турникке) тартылу.
3 күн – Шаңғы жарысы 2004-2005 ж.т. ұлдар-5 км., қыздар-3 км.
2006 және одан кіші-ұлдар-3 км., қыздар-3 км.
Нәтижелерді шығару және қорытындыларды бекіту.
Марапаттау.
4 күн– Қайту күні.