+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01 Ақп, 15:30

2021 жылы 29 қаңтарда 8-10 сынып оқушылары арасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Турнирдің мақсаты:білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Қашықтықтан өткізілген «Ұшқыр ой алаңы» Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне 13 ауданнан және облыстық мамандандырылған мектептерден барлығы 78 оқушы (39 команда)  қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша 12 команда жүлделі орындарды иеленді.

Iорын иеленгендер– Абай ауданы «Парасат» командасы, Зайсан ауданы «Дарабоз» командасы, Көкпекті ауданы «Болашақ» командасы.

II орын иеленгендер– Аягөз ауданы «Парасат» командасы, Күршім ауданы «Лаула» командасы, Семей қаласы «Тарлан» командасы, Ұлан ауданы «Жігер» командасы.

III орын иеленгендер– Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты «FM» және «Жеңіс»  командасы, Абай ауданы «Ділмәр» командасы, Жарма ауданы «Абай әлемі» командасы, Бесқарағай ауданы «Алғырлар» командасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!