2021 жылдың 28 қаңтарында онлайн режимде облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсы өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.
Ол үшін www.shygysdaryn.kz сайтында «Облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсы атауын таңдау керек. Пайда болған терезедегі «Тіркелуде» мәліметтерді енгізіп, «Тіркелу» сөзін басу қажет.
Әрі қарай пайда болған терезеде тест тапсырмаларын орындаңыз.
Тестілеуден өту уақыты 60 минутты құрайды.
Тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушылар өз нәтижелерін көре алады.
Ескерту! Тестілеуді қайта тапсыру сіздің нәтижеңізді толығымен жояды.