2021 жылдың ақпан айынан бастап «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы – 2021» әлеуметтік бастамаларының конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) басталады.
Конкурстың мақсаты: әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға ықпал ету.
Байқауға білім беру ұйымдарының оқушылары, оның ішінде интернаттық мекемелердің оқушылары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ балалар қоғамдық бірлестіктері, балалар бастамашыл топтары қатыса алады. Қатысушылардың жасы 11-ден 18 жасқа дейін.
Байқауға ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуына және қоғамдық-маңызды нәтиже алуға бағытталған берілген сәтте іске асырылған немесе іске асырылу процесіндегі (жоба, іс, акция немесе іс-шаралар кешені) балалардың әлеуметтік инисативтерінің сипаттамасы ұсынылуы мүмкін. Жобаларды жеке немесе топтық түрде жүзеге асыруға болады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
I кезең– (аудандық) 2021 жылы 3 ақпаннан 5 наурызға дейін;
II кезең– (облыстық) 2021 жылы 9 наурыздан 20 сәуірге дейін.
Конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға тілек білдірушілер білім беру ұйымына (мектеп, аудандық, қалалық білім бөлімдері) хабарласуға болады. Конкурс ережесі https://shygysdaryn.kz/. сайтында жарияланған. Қосымша ақпаратты 70-02-44 телефоны бойынша алуға болады.