2021 жылдың 23 - 24 қаңтар күндері 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық III «Абайтану» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада екі айналымнан тұрды:
1-айналым - Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу.
2-айналым - М. Әуезовтің «Абай жолы» романының мазмұны бойынша.
Республикалық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 6 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
1. ІІ дәрежелі дипломмен - Абай ауданы Шәкәрім атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Кәріпбай Аружан;
2. ІІІ дәрежелі дипломмен:
1) Абай ауданы Қарауыл гимназиясының 9-сынып оқушысы Серғалиева Аяулым;
2) Жарма ауданы Ақтайлақ би атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Түсүпқанова Гүлназ марапатталды.
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының алғыс хатына:
- Өскемен қаласы №46 орта мектептің 11-сынып оқушысы Семейхан Алтынжан;
- Бесқарағай ауданы Беген орта мектебінің 10-сынып оқушысы Байболова Дидарханым;
- Абай ауданы Қарауыл гимназиясының 9-сынып оқушысы Әлемқызы Әмина ие болды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!