ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылғы 28-29 қаңтарда 8-11 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін қашықтан өткізеді.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Облыстық турнирге аудандық (қалалық) турнирлердің жеңімпаздары – жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысады.
Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Турнир қорытындысы сайтта жарияланады www.shygysdaryn.kz.
Қосымша ақпарат мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44, e-mail: vk_daryn@mail.ru.