+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
6-8 сынып оқушыларына арналған «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсы
06 Қаң, 11:19

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда «Оқу мектебі» жобасы бастау алды.

«Оқу, немесе халықаралық сарапшылардың пікірінше, оқу сауаттылығы – табысты тұлғаны, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда өзара іс-қимыл жасай білуді қалыптастырудың негізгі дағдыларының бірі» - деп атап өтті Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов.

Республикалық жобаны іске асыру аясында ШҚО білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп 6-8 сынып оқушыларына арналған «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурс оқу мәртебесін, белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Барлық ниет білдірген оқушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз. Конкурсқа қатысу ережесі https://www.shygysdaryn.kz/ сайтында орналасқан.

Әдебиеттер тізімі:

1. Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

2. Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

3. Толымбек Әбдірайым  «Алабұға аулаған күн».

4. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».

5. Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Кітаптарды А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан немесе http://www.pushkinlibrary.kz/ru/ веб-сайтынан алуға болады.

По этим ссылкам вы можете прочитать книги,которые выставлены на областной конкурс «Читай и Побеждай». Книги на русском и казахском языках. Книги читаются в онлайн режиме, скачиванию не подлежат.

http://pushkinlibrary.kz/kz/2820-o-y-zh-ne-zhe-iske-zhet-6-8-synyp-o-ushylaryna-arnal-an-oblysty-konkursy.html

 

http://pushkinlibrary.kz/ru/2820-oblastnoj-konkurs-chitaj-i-pobezhdaj-6-8-klassov.html - на рус.яз.