Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 23-24 желтоқсанында Олимпиада резервінің облыстық «Зияткер» сырттай мектебінің шағын олимпиадасынөткізді.
Облыстық сырттай мектеп 2020 жылдың қазан айында басталды. І және ІІ кезеңдерге 900-ден астам оқушы қатысты. Балалар тапсырмаларды қашықтықтан орындады.
Қорытынды-III кезеңге ең жоғары балл жинаған 135 қатысушы өтті.
Шағын-олимпиада қашықтықтан «Математика», «Информатика», «Физика», «Биология», «География», «Химия» пәндері бойынша өтті.
Шағын олимпиаданың қатысушыларына сертификаттар табысталады.
https://drive.google.com/drive/folders/15bslPAAy8BDIF6A9SLCa1nuKvkdHr3zs?usp=sharing
Шағын олимпиаданың нәтижелері қоса беріледі.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!