+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы
29 Жел, 16:20

2020 жылдың 20 қарашасында республиканың барлық аймақтарында онлайн режимінде лингвистикадан олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңіне 3 оқушы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша:

1.       І дәрежелі дипломмен Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Оралханов Амир марапатталды;

2.       ІІ дәрежелі дипломмен Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандырылған мектеп-гимназия-интернатының  9 сынып оқушысы Туужал Ибрагим марапатталды;

3.       ІІІ дәрежелі дипломмен Облыстық мамандырылған IT-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Курдюкова Мария марапатталды.

 

 

Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!