Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 22 желтоқсан күні экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.
Мақсаты - оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи процестер туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортаның, жануарлар дүниесінің, денсаулық жағдайын жақсарту туралы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
Облысымыздың 9-11 сыныбының 700 - ден астам оқушысы экологиядан тестілеуден өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 503 оқушы жүлдегер атанды:
1. І дәрежелі дипломмен - 82 қатысушы;
2. ІІ дәрежелі дипломмен - 146 қатысушы;
3. ІІІ дәрежелі дипломмен - 275 қатысушы марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жетістіктер мен табыстар тілейміз!