+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы
26 Жел, 19:33

 2020 жылдың 23 желтоқсанында онлайн режимде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Олимпиадаға облыстық кезең жеңімпаздарынан - облыстың 23 оқушысы қатысты. Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша онлайн режимде өткізілді.

5 сыныптар арасындағы олимпиаданың республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 9 оқушы болды (І орын - 3, ІІ орын - 2, ІІІ орын - 4), 6 сыныптар арасында 8 қатысушы (І орын - 4, ІІ орын - 4) жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!