+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ел Үміті» және «Қамқорлық» бастамаларының форумы аясында «Елбасы медалі» және «Ел мақтанышы» премияларының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі
15 Жел, 15:27

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ел Үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумы өткізілді.

Еліміздің астанасында өткен орталық форумға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Елбасы өз сөзінде, «Ел Үміті» жобасы елдің белсенді жастарын зияткерлік және шығармашылық даму, ұлттық мәдениет пен дәстүрді түсіну, мұқтаж жандарға көмек көрсету жолында біріктіргенін атап өтті.

Форум аясында облыс орталығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов «Ел мақтанышы» және «Елбасы медалі» премияларының иегерлерін салтанатты түрде марапаттады.

2020 жылдан бастап «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды, оған облыс бойынша 617 оқушы мен жастар қатысуда. Алғашқы аралық нәтижелер бойынша қола деңгейінің медаль иегерлерінің есімдері анықталды.

Салтанатты марапаттау кезінде Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Саят Дана Тұңғыш Президент Қоры атынан қола медальмен және Елбасының төсбелгісімен марапатталды.

«Ел мақтанышы» премиясы жыл сайын ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлеріне табыс етіледі. Биыл «Ел мақтанышы» премиясы 11 жүлдегерге – еліміздің ұлттық олимпиадалық құрамасының мүшелеріне берілді. ШҚО-нан аталған премия Өскемен қаласындағы
мамандандырылған «Білім – инновация» лицейінің түлегі, талантты да дарынды, халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері Байболов Темірланға табысталды.