+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
8-11 сынып оқушылары арасындағы Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурстың қортындысы
15 Жел, 14:57

2020 жылғы 30 қарашада бір мезгілде республиканың барлық өңірлерінде Ұлы ғалым-энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу шеңберінде онлайн режимде 8-11 сынып оқушылары арасында әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурс өткізілді. Оған Шығыс Қазақстан облысынан 14 оқушы қатысты.

Байқаудың негізгі міндеттері - дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру.

Республикалық ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом Семей қаласының үш тілінде оқытатын дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы - Қуанышев Диасқа берілді.

II дәрежелі дипломның иегері - Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Рахметуллин Алимжан.

III дәрежелі дипломымен:

1. Акулова Софья - Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

2. Көшерхан Алмаз - «Жас ұлан» облыстық мамандандырылған ерлер мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

3. Коев Ансар - «Жас Ұлан» облыстық мамандандырылған ерлер мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

4. Линок Яна - Өскемен қаласындағы №11 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы Семей қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы гимназия мектебінің 11-сынып оқушысы Наргиз Кумароваға табысталды.

 

 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!